АҚШ Сауд Арабиясымен достығын үзуі мүмкін - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

АҚШ сенаты заң жобасын Конгресске ұсынды

Америкалық сенат Сауд Арабиясына қарсы шектеулер енгізетін заң жобасын ұсынды. Тиісті құжат АҚШ Парламенті жоғарғы палатасының ресми сайтында жарияланды.

"Сауд Арабиясының іс-әрекеті өзгеруі керек. Менің партия аралық заң жобасы біздің елдеріміздің қарым — қатынастарындағы шиеленістерге қатысты және олардың мінез-құлқын өзгерту мақсатын көздейді", - деп жазды Twitter-дегі парақшасында жоба бастамашыларының бірі Джеймс Риш.

Құжат авторлары мемлекетаралық қатынастарды қайта қарауды талап етті. Бұған, Йемендегі саудиттердің әрекеті мен адам құқықтарының сақталмауы себеп болды. Мәтінге сәйкес, Сауд Арабиясының шенеуніктеріне виза беруді тоқтайды, ал араб елінің азаматтарына АҚШ аумағында меншік құқығы шектеледі, сондай-ақ авиалицензияларды қайта қарастырылатын болады.

0 Пікір Кіру