Арыста тағы өрт болды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Әкімдік хабарлама жасады

Түркістан облысы Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Арыс қаласында депо аумағында қойма өртенді. ТЧЭ цехы 32. Барлық қызметтер өртті сөндіруде жұмыс істейді. ТЖД жеке құрамынан 55 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды", - деп жазды ол.

Алдын ала себебі жөндеу жұмыстары кезінде дәнекерлеу аппаратымен абайсыз болу.

"Қала тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп жоқ. Тыныштық сақтауды сұраймын. Жағдай бақылауда", - деді Сәкен Қалқаманов.

0 Пікір Кіру