Қ. Жүсүпбеков: Өзге елдің ісіне неге араласасыздар? - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Қазақстанның Омбыдағы консулы Қонысбек Жүсүпбеков неге ашуланды?

Қазақстан Республикасының Омбыдағы консулы Қонысбек Жүсүпбеков, көрші мемлекеттің азаматтары үшін консулдықтағы тәулік бойғы кезекке қатысты, түсініктеме беруден бас тартты. Республиканың кейбір азаматтары, құжат алу үшін, бірнеше тәулік бойы тірі кезекте тұруға тура келеді, - деп хабарлайды bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы "Город55" сайтына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстан азаматтығы бар ресейліктер, консулдық алдындағы жүз адамнан астам кезекте тұр. Алтай тұрғындары, сондай-ақ Кемерово, Челябі, Түмен және Қорған облыстарының тұрғындары бірнеше тәулік бойы Шоқан Уәлиханов көшесіндегі консулдық ғимаратының жанында кезекшілікте тұруға мәжбүр.

Қонысбек Жүсүпбеков бұл кезекке қатысты мәлімет беруден бас таптып, Ресейдегі "мәселелерге" назар аударуды ұсынды:

"Менен не талап етесіздер, түсінбедім. Сіздердің, Ресейде өз мәселелеріңіз жоқ па? Өзге мемлекеттің шаруасына неге араласасыз? Мен Ресей емес, Қазақстан консулдығындамын", - деді Жүсіпбеков.

0 Пікір Кіру