Рохани: Ұлыбритания Иран танкерлерін басып алғаны үшін жауап беретін болады - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Иран танкері Грейс 1-ді дереу босатуды талап етті

CNA ақпарат агенттігінің Дубаидан хабарлауынша, Иран президенті Хасан Рохани сәрсенбіде (10 шілде) Ұлыбритания Иран мұнай танкерін басып алғаны үшін жауап беретін болады деп мәлімдеді.

Иран өткен аптада Британ королдық теңіз әскери кемелері санкцияға қарсы әрекет жасап, Гибралтардан Сирияға мұнай алып бара жаттыдеген күдікпен ұстап алған Ираннан кері Грейс 1-ді дереу босатуды талап етті.

«Сіз (Ұлыбритания) қауіпсіздікті сақтамаудың бастамашысы болып отырсыздар және сіздер кейінірек бұның салдарларын түсінетін боласыздар»,-деді Рохани кабинет отырысынан кейін ұлттық теледидарда сөйлеген сөзінде.

«Енді сіздердің танкерлеріңіз осы аймақтан өтпек болса оны қорғау үшін өздреіңіздің фрегатыңызды (қорғаушы әскери кеме) алып жүруіңіз керек болды, бұлай қорқатын болсаңыз неге осындай қадамға бардыңыз? Сіздер навигациялық қауіпсіздікті сақтауларыңыз керек», - деді Роухани.

Ол тағы да Иранның уранды байыту жөніндегі шешімі электр станциясын жандандырып, басқа бейбіт мақсаттарға қызметету, бұл 2015-ші жылғы Иран мен әлемдік державалар арасындағы ядролық келісім аясынан шықпағанын айтты.

Ол бұл туралы Еуропалық державалар Иранның ядролық келісімі бойынша «өз міндеттемелерін орындамауға тырысты» деп айыптап, келісімге қатысы бар тараптардың шұғыл кездесуін талап еткен күннен кейін айтқан болатын.

«Сіздер (еуропалықтар) Ираннан алаңдауларыңыздың қажеті жоқ, керісінше назарларыңызды Құрама Штаттарына аударыңыздар,себебі АҚШ уәдесінде тұрмады, халықаралық міндеттемені бұзды»,-деді Рохани.

Ұлыбритания, Германия, Франция, Ресей, Қытай және Иран- аталмыш келісім шартқа қатысушы елдер болып табылады. Ал Құрама Штаттар өткен жылы келісімнен бас тартқан болатын.

0 Пікір Кіру