Ахметжан Есімов пен Татарстан президенті меморандумға қол қойды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстан мен Татарстан арасында қандай мәселе қарастырылды?

Татарстан президенті Рустам Минниханов пен "Самұрық-Қазына" төрағасы Ахметжан Есімов кездесіп, мұнай және газ саласы мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Тараптар мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мен "Татнефть" ААҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжат аясында талдау, геологиялық зерттеу және бірлескен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде, мұнай өңдеу, мұнай химиясы және газ химиясы бойынша жобаларға консультациялық қызмет көрсету мен техникалық тұрғыдан қолдау көрсету кезінде, мұнай алу және кен орындарын пайдалану саласындағы бірлескен ғылыми және жобалық жұмыстарды жүзеге асыруда ынтымақтастық орнатылады.

Сонымен қатар тараптар Қазан қаласы маңындағы "Иннаполис" инновациялық орталығы аясында қазақстандық қормен ынтымақтасу мәселесін қарады. Осы арқылы ғылыми, жоғары технологиялы экожүйе құру үшін тәжірибе алмасу және инвесторлар тарту көзделген.

Ахметжан Есімов Татарстан президентін жекешелендіру бағдарламасымен таныстырды. Еске сала өтсек, "Самұрық-Қазына" үкіметтің төрт жыл бұрын қабылдаған кешенді жекешелендіру жоспарын жүзеге асыруға атсалысып жатыр.

Қордың жоспарға іліккен активтерінің 80%-і жекешеленді. Алдағы уақытта "Эйр Астана", "Казақтелеком", "ҚазМұнайГаз", "Самұрық-Энерго," "Тау-Кен Самұрық", "Қазпошта", "Казақстан темір жолы" және Qazaq air компанияларының акцияларын үлестіру немесе стратегиялық сату жоспарланған.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру