Мен сияқты елде жеті миллион адам бар... - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

"...сән-салтанатқа қолдары жетпейтін адамдар алдында ұят..." Томас Исидор Ноэль Санкара

Томас Исидор Ноэль Санкара – Батыс Африкадағы Буркина-Фасо елінің 4 жыл ғана басқарған экс-президенті (1983-87). Санкара билікке келгеннен кейін үш жыл өткен соң (1986 жылы) Бүкіләлемдік банк Буркина-Фасода жемқорлық толық жойылғанын мәлімдеген.http://africa-facts.org дереккөзі бойынша: 

-         Оның үкіметке алғашқы енгізген заңның бірі – барлық мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен шоттарын жариялау болды.

-         Ол айына $450 долларды құраған армия капитанының жалақысына өмір сүріп, ал $2000 болатын президенттік жалақыны жетімдер қорына аударып отырған.

-         Ол бірнеше апта ішінде 2,5 миллион баланы менингитке, сары қызба мен қызылшаға қарсы вакцинадан өткізген.

-         Ол сауатсыздықпен күрес жөніндегі жалпыұлттық науқанды бастап, сауаттылық деңгейін 1983 жылы 13% - дан 1987 жылы 73% - ға дейін көтерді.

-         Шөлейттенуге жол бермеу үшін 10 миллионнан астам ағаш отырғызды

-         Халықты шетел көмегінсіз байланыстыру үшін жолдар мен темір жол салдырды

-         Әйелдерді жоғары үкіметтік лауазымдарға тағайындайды, оларды жұмыс істеуге шақырды, оқу кезінде жүктілігі мен босануы бойынша демалыс берді.

-         Әйел жыныс мүшелеріне жасалатын операцияларға, мәжбүрлі некелерге және көпәйелділікке тыйым салдырды

-         "Мерседестерден" тұратын үкіметтік автопаркті сатып, оның орнына министрлердің қажеттілігі үшін сол кездегі елдегі ең арзан автокөлік " Renault  5" сатып алынды

-         Шенеуніктердің жалақысын қысқартып, сондай-ақ оларға жеке көлік жүргізушілерін пайдалануға және бірінші кластағы авиабилеттермен ұшуға тыйым салды.

-         Феодалдық жер иелерінен жерді қайта бөліп, тікелей шаруаларға берді. Үш жылдың ішінде бидай өндірісі бір гектардан 1700 кг-нан 3,8 мың кг-ға дейін өсті, бұл елдегі азық-түліктерді өздігінен қамтамасыз етті.

-         Ол «сізді кім тамақтандырса, сол сізді бақылайды» деп, шетелдік көмекке тәуелді болуға қарсы болды.

-         Санкара Уагадугудағы әскерді жабдықтау дүкенін баршаға ашық мемлекеттік супермаркетке айналдырды (елдегі алғашқы супермаркет).

-         Ол мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік жобаларға бір айлық жалақыларын төлеуге мәжбүр етті.

-         Санкара өзінің кабинетіне желдеткішті (кондиционер) орнатуға тыйым салды, себебі оған "мұндай дүниелер сән-салтанатқа қолдары жетпейтін адамдар алдында ұят" еді

-         Шенеуніктерден қымбат батыстық костюмдерден бас тартып, оның орнына жергілікті тұрғындар тіккен дәстүрлі мақта туникасын кию талап етілді (оның себебі шетелдік өнеркәсіпке және бірегейлікке емес, жергілікті өнеркәсіпке және бірегейлікке сүйену).

-         Көпшілік орындар мен кеңселерде өз портретін ілуге рұқсат бермеді, ол оны «Мен сияқты елде жеті миллион адам бар» деп түсіндірді.

-         Әрі гитарист болған ол жаңа әнұранды өзі жазды

-         Оның жеке мүлкі ретінде билікке келгенге дейінгі сатып алынған ескі "Пежо" автокөлігінен, сынық мұздатқышы бар тоңазытқыштан, үш гитарадан және төрт велосипедтен тұрғаны анықталған.

0 Пікір Кіру