Әнуар Күмпекеев қатаң сөгіс алып, қызметінен кетті - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Оның орнына Қайрат Нүкенов келді

Қайрат Нүкенов Павлодар әкімі болып тағайындалды. 

Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов Павлодардың жаңа әкімін таныстырды. Қайрат Нүкенов Әнуар Күмпекеевтің орнына келіп отыр.

Еске салайық, 3 шілдеде Болат Бақауов Күмпекеевке қатаң сөгіс жарияланғанын мәлімдеген еді. Оның әкімдікке құны 6 миллион теңге болатын жиһаз сатып алғаны айтылған болатын. Сондай-ақ, Әнуар Күмпекеев былтыр 49 миллион теңгеге қызметтік пәтер алғаны үшін сөгіс алған еді.

tengrinews.kz

0 Пікір Кіру