Тұңғыш Президент саябағындағы фонтанды қайта өңдеу жұмыстарына 470 млн теңге кетеді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Алматы қаласы

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Бостандық ауданын аралау кезінде осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Almaty.TV арнасына сілтеме жасап.

Фонтан 2010 жылы іске қосылған және соңғы рет 5 жыл бұрын жөндеуден өткен. Содан бері қараусыз қалған фонтаннан ақау табылып, қайта жөндеуді талап етіп отыр. Мамандар аталған кешенге толық жөндеу жұмыстарын жасау керек дейді.

«Eco Almaty» ЖШС жетекшісі Жанна Асанованың айтуынша, алматылықтар үшін Тұңғыш президент атындағы саябақ таптырмас демалыс орыны және мұндағы негізгі көз тартатын орын – фонтан. Фонтан айналасына сән беріп, әуен ойнап тұратын. Тұрғындардың көңілін қайта көтеру үшін әкімшілік ақша бөлген және келер жылы фонтан қайта іске қосылуы мүмкін.

0 Пікір Кіру