Қазақ мектептерінде дүние жүзі тарихы пәні орыс тілінде оқытылады ма - министрлік жауап берді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бұл сұраққа министр кеңесшісі жауап берді

Оқу жылынан бастап қазақ мектептерінде "Дүние жүзі тарихы" пәні орыс тілінде оқытылады деген ақпаратқа Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан жауап берді.

Кешеден бері әлеуметтік желіде "Дүние жүзі тарихы" пәні оқу жылы басынан қазақ мектептерінде орыс тілінде оқытылады деген жалған ақпарат таратылуда.

Біріншіден, бұған дейін жазғанымдай, әлеуметтік желіде жарияланған «fake ақпаратқа» сенбеулеріңізді сұраймын. Бұның бәрін арандатушылық деп есептеймін.

Тағы оқыңыз: Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіле ме - Тоқаев пікір білдірді

Екіншіден, иә, расында, бұл мәселе осыдан бірнеше жыл бұрын көтерілген. Бірақ, сіздерге нақты сеніммен айта аламын, қазір жалпы білім беретін қазақ мектептерде Дүние жүзі тарихы пәні орыс тілінде оқытылып жатқан жоқ. Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде осы пән оқыту тіліне байланысты, яғни қазақ сыныптарында қазақ тілінде, ал орыс сыныптарында орысша жүргізіліп жатыр, бүгінгі күні басқа жоспар жоқ.

qamshy.kz

0 Пікір Кіру