Министрлік Ермекбаевтың Арыстағы жарылысты «табиғи нәрсе» деп атауының себебін түсіндірді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың сөзіне түсініктеме

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаева Арыстағы жарылыстың себебі "табиғи құбылыс" деген жоқ, деп мәлімдеді ақпарат және коммуникациялар департаменті бастығы Данияр Әлжанов.

"Министр: "... бұл табиғи нәрсе, әрбір арсеналдың қауіптері бар..." — деп айтқан видеоға қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Оның сөзі "арсеналдың жарылу себебі – табиғи құбылыс" деп қате аударылып кетті. Дұрыс аударғанда, "табиғи нәрсе" "қалыпты жағдай" деген мағынаны білдіреді, сонда министрдің не айтқысы келгенін түсінеміз", - деп жазды қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы.

Әскери  қызмет пен арсеналдан келетін белгілі бір қауіп-қатер бар, бұл – қалыпты дүние, деп жалғастырды Әлжанов. Ол тергеу бітпейінше ешкім алдын ала қорытынды шығармайтынын атап өтті.

"Біз қорғаныс министрінен кейін тағы да қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтамыз (олардың екеуі – әскери қызметкерлер). Болған жайтқа қатты өкінеміз және арсенал жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бәріне жанымыз ашиды", - деді Әлжанов.

Бұдан бұрын қорғаныс министрлігі Арыстағы жағдай үшін кешірім сұрайтын себеп көріп тұрған жоқ екенін мәлімдеген болатын. Содан соң Ермекбаев қалаға барып, оқ-дәрі қалдықтарын жою жұмыстарын тексерді.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.

Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты.

1 Пікір Кіру
  • Жан 09 Шілде, 2019

    Айткан соз атылган окпен бирдей,енди неге акталып жатыр,халыктан кеширм сурмаймын дегенди калай тусиндиресиндер жагымпаздар,тагыда бирдеме ойлап тауып алатын шыгарсындар,сендердей скользкий адамдарды корген емес бурын сонды казак халкы