Қоғамға қауіпті дерт - на politic.bugin.kz
Ернар Нұртайұлы - на politic.bugin.kz Ернар Нұртайұлы

Отбасы құндылықтарын ойран қылатындар

Соңғы кездерде Бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат берген кейбір азаматтарымыз: "Бір жынысты неке соны керек еткендердің өз проблемасы", "Мен бір жынысты некеге түсінікпен қараймын", "Көгілдірлер көрсе зиянын өздері көреді. Бізге не зияны бар" деген сияқты пікір білдіріп жүр. Көгілдірлер мәселесі тек олардың проблемасы емес. Бүгін немқұрайлы қарасақ, ертең біздің, қоғамымыздың, Қазақстанымыздың проблемасына айналады. Бір жынысты қатынастағылардың зияндары:

1) Бір жынысты неке жайылған жерге жіберілген азап барша қауымды қамтып кетуі мүмкін;

2) Рухани насихат тыңдалмайды;

3) Қоғам мүшелерінің арасында белгісіз ауырулар қаптап кетеді;

4) Бір жынысты қатынастағылардың бойында ұят пен намыс қалмайды;

5) Қауым ішінде кісі өлтіру қылмысы өршіп кетеді;

6) Жастар үйленуден бас тартады;

7) Адамдар арасындағы сыйластық азаяды;

8) Адамдар арасында сенім жоғалады;

9) Бір жынысты қатынастағы адам өз отбасы мүшелерін қара бет қылады;

10) Көгілдірлердің уақытша тыныш жүрулерін адамдар әрдайым солай болады деп алданып қалады;

11) Бір жынысты қатынастағылар қатары артып кетеді; 

12) Қоғам қарсылық танытпаған сайын көгілдірлер жасырын жымысқы әрекеттерін жасай береді;

13) Жыныс мүшелерін ота арқылы өзгерткісі келетіндер пайда болады;

14) Балалардың басын қатырады т.б. айта берсе, біз білмейтін зияндары қаншама. 

Дұрыс түсінік иелері әрекет етпей жатқандығын пайдаланып, соңғы кезде бір жынысты қатынастағылар ғаламторда ашық насихатқа көшті. 

Американдық психолог әрі әлеуметтанушы Пол Кэмерон: "Гомосексуализм - тұрғындардың денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және аман-есендікке қауіп туғызады", - деген. 

Бұл дерттен сақтану үшін: 

- бір жыныстылардың жақындасуының зияны мен зардаптарын насихаттайтын ақпараттық шаралар ұйымдастырылуы керек;

- көгілдірлер сұхбаттарында: "Депутаттар қатарында, билік басында да біздің көгілдірлер бар" деген сөздерінің рас не өтірігі анықталуы керек;

- БАҚ-та гомосекуалистерді, гей парадтарды қолдап жарияланған мәліметтердің жарық көруіне жол бермеу керек; 

- көршіміз Ресейде қабылданған секілді біз де болашағымыз үшін мұндай арсыздыққа тыйым салатын заң қабылдауымыз қажет; 

Ең бастысы нағыз еркек қандай болу керектігі түсіндірілетін мақалалар жазылып, бейнероликтер жасалып, қала банерлерінде, барша сайттарда жариялануы керек. 

Аллаһ елімізді иманнан безген арсыздардан сақтасын!

0 Пікір Кіру