Әнұран – мемлекеттің абыройын асқақтататын бірден-бір құрал.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны түрлі дода топ жарған спортшылар мен түрлі саладағы жеңістердің арқасында өзге елдің төрінде шырқалып, құлақтан-құлаққа жетіп жүр. Әрбір спортшы үшін ту мен әнұраннан биік ештеңе жоқ шығар. Алайда қыркүйек айының 15 күні өтетін отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек кезінде біздің спортшының тікелей эфирге дейін әнұранның шырқалып кеткенін қалайтыны туралы сөз қозғалды.


Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, біздің былғары қолғап шебері АҚШ-тың, Мексика және Қазақстанның гимндері PPV трансляциялары басталмай тұрылып орындалуын сұраған. Ал мұны HBO қолдайтынын, гимндерді тікелей эфир басталмай тұрып орындап тастау керектігін алға тартады.


Әрине өгіз де аман, арба да сынған жоқ. Алайда біз және біздің GGG ұмытып кеткен бір мәселе бар.


15 қыркүйек күні өтетін T-Mobile Arena-ға 20 мың адам кіре алады. Сиымдылығы сондай. Ал қос боксшы арасындағы тікелей эфирді әлемнің 120 мемлекет көреді. 120 мемлекеттің ішінде халық саны 100 миллионнан асатын елдер де кіреді. ҚР-ның әнұранын миллиондаған халық емес, 20 мың адам ғана тыңдайды деген сөз.


Мемлекет ретінде біз үшін Головкиннің жеңісі ғана емес, әнұранымызды әлемге танытқаны керек.




Марғұлан