Тоқаев әкімдердің өкілеттігін тоқтатты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс әкімдері

Қазақстанның сайланған президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. 

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін", - делінген жарлықта.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган басшыларының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.

Құжаттарға сәйкес, әкімдер мен мемлекеттік органдардың басшылары орындарына жаңа басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.

Жарлықтар қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

0 Пікір Кіру