Тоқаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге ресми түрде ант берді - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Ол ресми түрде президенттік лауазымына кірісті

Бүгін Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында жаңадан сайланған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми түрде ұлықау рәсімі өтті. Ол Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант беріп, ресми түрде президенттік лауазымына кірісті.

Ұлықтау рәсімі өтетін залға ең алдымен Қазақстанның мемлекеттік туы, президент байрағы және Конституция салтанатты түрде әкелінді. Заңға сәйкес президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға қолын қойып тұрып ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ант бергеннен кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Содан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚР Президентінің куәлігін тапсырды.

1 Пікір Кіру
  • Maira Nuraxanova 12 Маусым, 2019

    Президенттік лауазымыңыз Отан үшін,еліміздің болашағы,ұрпағымызға өнегеліүлгілі іс,алда болатын өзгерістер,заманауи қиындықтардан аман алып шығатын,Отан,еліміз ұшін, өзіңіз үшін игілікті,құтты,жарқын болсын!жаратушыАЛЛА қолдасын