Тек біреуі қалады - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Тереза Мэйдың орнын кім басады?

Тереза Мэйдың орнына Консерваторлық партияның төрағасы және Британияның премьер-министрі болу үшін, ресми түрде 10 адам тіркелді. "Брекситқа" қарсы болған жалғыз үміткер - Сэм Джима - қажетті дауыстар мөлшерін жинай алмады.

Дүйсенбі күні кешке, Британияның Консерваторлық партиясы, сайлауға тіркелу үшін қажетті дауыстар санын 10 саясаткердің жинағанын мәлімдеді.

13 маусым күні, тори-депутаттар ғана дауыс бере алатын сайлау басталады. Бұл жерде, қажетті дауыс жинай алмағандар, сайлаудан бірте-бірте шығып отырады. 20 маусымға дейін, кандидаттардың екеуі ғана қалып, аталмыш финалдық кезеңде Консерваторлық партияның 160 мыңға жуық мүшесі дауыс беріп, жеңімпазды анықтайды.

Консерваторлар 20 шілде күні партияның жаңа көшбасшысының және премьер-министрдің кім болатындығын атауға үмітті. 

Conservative Home басылымының мәліметінше, бұрынғы және қазіргі ішкі істер министрлері Борин Джонсон және Джереми Хант, сондай-ақ қоршаған орта министрі Майкл Гоувтің мүмкіндіктері басым. 

10 үміткердің жетеуі Оксфорд университетінде оқыған. Сонымен, үміткерлердің қатарында:

Борис Джонсон - лондынның мэрі, бұрынғы ішкі істер министрі.

Джереми Хант - сыртқы істер министрі.

Майкл Гоув - қоршаған орта министрі.

Саджид Джавид - ішкі істер министрі

Рори Стюарт - халықаралық даму министрі.

Мэтт Хэнкок - денсаулық сақтау министрі.

эстер Маквей - бұрынғы еңбек министрі.

Марк Харпер - депутат.

Доминик Рааб.

Андреа Ледсом.

0 Пікір Кіру