Exit-Poll  нәтижесі белгілі болды  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Кім жеңіске жетті?

"Қоғамдық пікір" институты – Қазақстандағы Exit-poll , яғни дауыс берген азаматтар арасындағы жасырын сауалнама жүргізген ұйымдардың бірі
"Қоғамдық пікір" институты жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13% дауыспен жеңіске жетті. Бұл туралы институт басшысы Айнұр Мәжитова баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.

Exit Poll дегенміз не?

Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама "Exit Poll" деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.

Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жасауға рұқсат жоқ. Экзит-полл тек сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффицентін міндеті түрде көрсету керек.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру