Қаракөз Амантай

2 қарашада көші-қон қызметі басқармасы Әуезов аудандық сотына осындай арыз берді

Алматының полиция департаменті жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы ұрып-соққан Түркия азаматы Әли Эбузезер Демирді елден шығарып жіберуді талап етіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, 21 қыркүйекте Әли Демир әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  606-бабының 1-бөлімі (Апаттық жағдай туғызған жол қозғалысы ережесін бұзу) және 230-бабының 2-бөлімі (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу) бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылған.

"Сол күні азамат Демир Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабы (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деп жазылған полицияның хабарламасында.

2 қарашада көші-қон қызметі басқармасы Әуезов аудандық сотына Али Димирді елден мәжбүрлеп шығарып жіберу туралы талап арыз берді.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Әли Демир полиция ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылған болатын, кейінірек ол кепілмен босатылды.

Қоғамдық резонанс тудырған видео әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылды. Кадрда ер адам көлігімен жедел жәрдемнің алдына тоқтап, қарт жүргізушіге тап беріп, бірнеше рет соққыға жасағаны көрінеді.

Кейінірек жолдағы қақтығысқа кінәлі адам YouTube платформасында Николай Кучма мен қазақстандықтардан кешірім сұрап, бейне үндеу жариялады. 

Әли Демир зардап шеккен жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучмаға келтірілген моральдық және материалдық зиян үшін ақшалай өтемақы төледі. Өтемақы көлемі жария етілмеді.

Ал Николай Кучма Алмалы аудандық соты мен Алматы қаласының Алмалы ауданының прокурорына сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы жазбаша арыз түсірді. 16 қазан күні №2 Алмалы аудандық соты түрік азаматы Әли Димирге қатысты қылмыстық істі тоқтатты.

Дереккөз: sputniknews.kz

0 Пікір Кіру