«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аппараттық жиындары қазақ тілінде өтеді  - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мәселе: тіл

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ аппараттық жиындары бұдан былай мемлекеттік тілде өтетін болады. Бұл туралы Басқарма төрағасы Ұлан Әліпов дәстүр бойынша әр аптаның сейсенбі күні өтетін аппараттық жиында мәлімдеді.

Енді барлық департамент басшылары және өңірлік филиал директорлары апта ішінде атқарылған жұмыстар жайлы ақпаратты және баяндамаларды қазақ тілінде жасайтын болады.

- Бүгіннен бастап баяндамаларды қазақ тілінде дайындауды тапсырамын. Енді осыдан кейін барлық аппараттық жиындар тек мемлекеттік тілде өтетін болады, - деді Ұлан Тоқтарбайұлы.
Айта кетсек, бүгінгі жиналыстың күн тәртібінде 2019 жылы жаңарту жұмыстары жүріп жатқан жолдардың жағдайы және баспасөз қызметінің атқарған жұмыстары қаралды. Отырысқа барлық департамент басшылары және селекторлы байланыс арқылы өңірлік филиал директорлары қатысты.
0 Пікір Кіру