Ресми түрде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Сайлау

Елімізде алда өтетін сайлауға байланысты ресми түрде кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

Жаңа ғана елімізде ресми түрде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Бұл ауқымды саяси науқанға Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық, аймақтық және аумақтық деңгейдегі барлық қоғамдық штабтары тас-түйін дайын. Еліміз бойынша Кандидатымыздың 19,5 мың сенімді өкілі ерекше екпінмен жұмыс істеуге бел буып отыр.

Алдымыздағы бір айға жетер-жетпес уақыттың ішінде біз еліміздің барлық өңіріне барып, сайлаушылармен кездесеміз. Облыс орталықтарымен қатар шағын қалалар мен шалғайдағы ауыл-аймақтарда да арнайы болып, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын халықпен бірге талқылаймыз.

Үгіт-насихат жұмыстарын креативті, тиімді, жүйелі түрде жүргізіп, бұл істе әлеуметтік желілердің әлеуетін кеңінен пайдаланатын боламыз.

Біздің күнделікті жұмысымыз туралы ақпараттар Республикалық қоғамдық штабтың Facebook, Instagram, Telegram, YouTube және ВКонтакте желілеріндегі парақшалары мен арналарында жедел жарияланып тұрады. 

Ең бастысы, біздің партия сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сай өтуі үшін барлық шараларды қолға алады.

0 Пікір Кіру