Қаракөз Амантай

Есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені кім жымқырды?

Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптады.

"Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.  

Оның айтуынша, есептеу құралдары бос қабырғаға бекітілген. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz


0 Пікір Кіру