«Мисс Қазақстан» байқау ма әлде қара көздерімізді туристерге жарнамалау ма?  - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Құрметті, Ерлан Қожағапанов мырза!

Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанның айтуынша, Елде туризмді дамытауға бөлінген қаржы бағытынан адасып, басқа мақсатта жұмсалған. Туристік инвестициялық форум ұйымдастырып, бес меморандум бекітуге бөлінген 75 млн теңге «Мисс Қазақстан» байқауының тек іріктеу кезеңін өткізуге жұмсалған.

Вице-министр Ерлан Қожағапанов өз кезегінде «Мисс Қазақстан» байқауына кетеді деген 73 млн теңге туристердің есебінен төленетінін айтты. Бұл туралы ол осы ақпарат айналасында тараған мәселеге байланысты жауап беріп отыр. Яғни, далаға кеткен ақша жоқ дегеннің кебі. Ал, шындығында вице-министр айтқан сөзге мән берсек, KazakhTourism ұлттық компаниясын құру бұл қалыпты жағдай әрі біз АҚШ, Ресей және Еуропа секілді туристердің өздеріне іздеп келуіне жағдай жасай алмай отырмыз. Біздің көрмелерде туризм кәсібі өте қарапайым түрде таныстыру жұмыстарын жасайды. Оның ішінде бастысы форма болғаны, буклеттерін қою және оларды хостес-қыздардың таныстыруымен ерекшеленеді екен. Міне, осы бағытта біз атап отырған ұлттық туристік компания құрылған.

Осы жерде «хостес-қыздар» сөзіне тікелей мән берсек. Хостес сөзі ағылшын тілінен алынған «host» сөзінен шыққан, яғни, «қонақтарды күтіп алу» деген сөз. Біздің ұлттық туристік компания «қонақтарды күтіп алатын қыздарға» аса мән берген секілді. Себебі, олардың сыртқы келбеті, сөйлеу мәнері өте көркем болуы керек. Бұл жалпы туристік тұрғысынан келген кезде, кез келген елде болатын қалыпты жағдай. Мәселе, Қазақстандағы туризмді дамыту үшін «Мисс Қазақстанға» кеткен 73 миллион теңгенің жырында болып тұр.

Ерлан Қожағапанов дәл осы «Мисс- Қазақстан» мен елдегі туризмді дамытудың мәселесін ұштастыра келіп, бұл тек қана бәсекелестік емес екенін атап өтеді. Сонымен қатар, біздің Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі айтқандай, бүгінде қытай және үндістаннан келетін туристер дәл осы байқауды тағатсыздана күтіп отыр екен. Тіпті телеарналардан қарайды, интернеттен іздеп тауып, арнайы келуге қызығушылық танытып отыр-мыс. Бұл ғана емес, өткен жылы өткен «Мисс Нұр-Сұлтан» (Мисс-Астана) байқауына қытайдан және үндістаннан 400 турист келген. Олар біздің қыздардың сұлулығына тәнті, біз мұны өте дұрыс деп санаймыз дейді.  Бұл факт талап ететін ақпарат емес, бұл ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ерлан Қожағапановтың өз сөзі. (https://www.zakon.kz/4963540-mks-rk-73-mln-tenge-vlozhennye-v.html?fbclid=IwAR0JPvCCkkgwfcjitVpiOiRSKZ7yMyl4UUXEzsQGmDlWOWGRdj-a3pTsa-k

Ал, The Masculine Travel сайтындағы мына ақпаратқа назар аударыңыз. Арнайы «Әйелдер» деген айдарында біздегі қазақстандағы қыздар туралы бірнеше дерек берілген: (https://www.themasculinetraveler.com/kazakh-girls-almaty-kazakhstan/

Мұсылман ел екенімізді және тәрбиені санамызға сіңірген ұлт екенімізді жаза келіп, қыздарымыздың қауіпсіздікке қатты мән беретінін де қоса келіп былай дейді: «өздерінің дәстүріне қарамастан, қыздар (әйелдер) сексуалды кейіпте көрінеді, тосын сыйлар мен құмарлықты жақсы көреді. Азиялық қыздар өте керемет және сексуалды сипатта жоғары бағаға ие».

Мақаланың басты назары – қазақ қыздары. Бұл ғана емес, интернет бетін ашып қалсаңыз, қазақ қыздарының сексуалды сырт келбетін суреттеп келіп, Алматыға туристерді шақыратын ашық ақпараттарды анық көре аламыз. Сонымен, бұл мақала мен вице-министр айтып отырған сөзге тоқталайық.

Елімізде өтетін арулардың байқауы өзара бәсекелестік емес, тікелей туристерді шақыратын және оларды елімізге әкелетін байқау болғаны ма? Қырық үйден қызға тиым салған қазақтың дәстүріне басқасы басқа дәл Мәдениет және спорт министрлігінің қол сілтегені ме?

Табиғаты бай, көркі көз тартатын елдің табиғатына жарнама жасаудың орнына, біздің ұлттық компанияның өзі қыздарды жарнамалау арқылы әлемге туризмді танытып отырса, бас- басына би болған жеке компанияларды айтудың қажеті де жоқ шығар.

0 Пікір Кіру