Әндіжан қырғыны: Өзбек министрі алғаш рет сұхбат берді - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

2005 жылдың қырғыны ел есінде

Өзбекстанның бірінші ІІМ Зокиржон Алматов алғашқы тәуелсіз сұхбатын берді. Ол 1991-2005 жылдары ІІМ қызметін атқарған болатын. Кейіннен биліктен шеттетіліп, ұзақ уақыт қудалауда болды. 2016 жылы жаңа президент Шавкат Мирзиёев оны қайта ел үкіметіне қызметке шақырды. Ол әзірге "Әндіжан қырғыны" жайлы айтқан алғашқы жоғарғы шенді болып отыр.  
Жаңа қызметінде ол полиция жүйесін реформалап, 78 облысты аралап шықты. Ашық сұхбаттар беруден қашпады.

Тәуелсіз сұхбат барысында ол өз қызметіндегі ең ауыр күндер ретінде Әндіжан оқиғаларын айтты. 2005 жылы бұл оқиға бірнеше жүз адамның өмірін қиып кеткен болатын. "Аталмыш оқиғаға батыстың реакциясы әділетсіз" – деді ол.

"Мен Батыстың, АҚШ-тың арнайы құзырлы органдарынан біздің орнымызда болсаңдар не істейсіңдер?" – деп сұрадым. Олар сендер не істесеңдер, соны істейтін едік деді. Сөйте тұра бізді қатаң айыптайды. Бірде-бір ел содырлармен келіссөз жүргізбейді ғой" – деді ол.

Сондай-ақ сол оқиғада қанша адам қаза тапқанын ашық айтпаса да, "1000 адам, тіпті 500 адам деген де ақылға сыйымсыз" деді.  2005 жылғы оқиғада ресми түрде 187 адам, ал бейресми 1500 адам қаза тапқан болатын. Бұл оқиғадан кейін ЕО пен АҚШ Өзбекстанға қатаң санкциялар салды. Ол санкциялар 2009 жылы алынып тасталынды.

0 Пікір Кіру