Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға не үшін барды? - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Қандай мәселе талқыланды?

Мемлекет басшысы алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастаған болатын. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көру, теңіз сауда портының жұмысымен танысу, сондай-ақ, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу жоспарланып отыр", - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастаған болатын. Сапар барысында Тоқаев облыс орталығының құрылысымен танысып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесті.

0 Пікір Кіру