Путин – Ресейдің соңғы президенті бола ма?! - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Ресей

Владимир Путин КСРО басшылығының қателіктерін қайталап, Ресейді түпсіз тұңғиыққа батырып барады. Бұл пікірді танымал ресейлік оппозиционер Дмитрий Гудков Телеграмда жазды.  Гудковтың пікірінше, Ресей Федерациясы Кеңес Одағының қайғылы тағдырын қайталап отыр.

2 ақпанда Путин Ресейді қарулану жарыстарына жіберді, ол кезінде Ресей АҚШ-пен бірлескен Орташа және кіші аралық зымырандарды таратпау туралы шартынан шығу туралы жариялады. «Ресейде соңғы ақша енді сұйық майға емес, қару-жараққа кетеді. Дүкендерде ештеңе жоқ, бірақ бізде баллистикалық зымырандар бар!» – деп жазады Гудков.

Бұл қару-жарақ жарыснда Ресей жеңіске қол жеткізі екіталай. АҚШ-ның әскери бюджеті 610 миллиард доллар, Ресей Федерациясының – 66 миллиард доллар. Ресей КСРО-ның қайғылы тағдырына тап болады және бұл әлдеқайда жылдам болады деп айтты Гудков.

Гудков былай жазады: «Санкциялар – бар. Халықаралық оқшаулау – бұл екіншісі. «Шектелген контингент» – бұл үшінші. Экономикалық монополия – бұл төртінші. КСРО-да ешқашан болмаған сыбайлас жемқорлық – ол да бар. Путиннің есімі тарихта  Ресейдің соңғы президенті ретінде қалады», – деп айтады белгілі ресейлік оппозиционер.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымдарының кандидаты

kznews.kz

0 Пікір Кіру