Күләш Шәмшидинова: Әліппе орнына қайтып келеді - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

ҚР Білім және ғылым министрі жақсы жаңалықпен көпшілікті қуантып қайтты

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, жақсы жаңалықпен тұрғындарды қуантып қайтты. Бұл туралы ult.kz хабарлайды. 

Миниистрдің айтуынша, мектеп бағдарламасына әліппе қайта қосылады. Дегенмен биылғы оқу жылында әліппені қайтарып үлгермейтінін айтып, келесі оқу жылынан бастап әліппенін қайта қосылатынын жеткізді.

Қазақстанда оқушыларға білім беретін педагогтар, мектеп психологтары мен сынып жетекшілерді қайта даярлау қолға алынды. 144 мыңнан аса мұғалім курстардан өтеді.

Күләш Шәмшидигова мектептегі білімнің сапасы мұғалымнің сапасына байланысты екенін атап өтті. Сол себепті алдағы 3 жылда білім бағдарламасына сай жаңа методикалық, технологиялық әдістемелерге мұғалімдерді үйрету үшін, олар дайындық курсынан өтеді. Министрдің айтуынша, 82 мың мектеп психологы мен сынып жетекшілері курстардан, ал 15 мыңнан артық колледж қызметкерлері орта білімнің жаңаруына байланысты қайта оқытылады.

«Біршама мемлекетті толғандырып жүрген мәселе – жоғарғы сыныптарда химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде беру. Мектепте сабақ беретін кадр, мектеп дайын болған кезде өздеріңізбен келісе отырып, кезең-кезеңімен көшетін боламыз», - деді министр.

Күләш Шәмшидинова 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстанда 190 мектеп салынатынын жеткізді. Олар апаттық жағдайдағы үш аусымдағы білім мекемелерінің орнын ауыстырады. 

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 1 672 мектеп салынған. Апаттық ғимаратта орналасқан, үш ауысымда жасайтын, оқушылардың орыны жетпейтін мектептердің проблемасын шешетін болады. Тек Ақтөбе облысы бойынша алдағы үш жылда 9 мектеп салынады. Біз жалпы мектеп мұғалімдерін қолдауымыз қажет. Балаларымызға патриоттық тәрбие беру үшін Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география пәндерінің мазмұндары өз еліміздің менталитетіне сай жүргізіледі. Мектепте білім беруге ер азаматтарты шақыру керек. Себебі, балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова.

0 Пікір Кіру