Гитлер һәм Wall Street: ІІ дүниежүзілік соғыста кім жеңді? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Зерттеу мақала

ІІ дүниежүзілік соғыс туралы сөз басталған кезде, осының бәрінің артында және басында тұрған Гитлер деп сөз бастаймыз, ой түйеміз. Шындығында, Совет одағының құрамында болып, Гитлерге қарсы Мәскеу үшін соғыста ерлік көрсеткен қазақ сарбаздарының еңбектерін оқып, естеліктерін қарап, өзімізді жеңімпаз ретінде танимыз. Әсілінде, шындық осылай. Алайда, кейінгі ақпарат көздерінің ашық түрде жарыққа шығуы, сол кезде көзге көрінбеген ақиқаттардың сүт бетіне шыққан қаймақтай қалқуы, санадағы ойдың бағытын мың құбылтып жіберді. Ең ақыры, «Ұлы Отан» соғысы емес «Екінші Дүниежүзілік соғыс» деп атауға көштік. Отан үшін соғысқан Мәскеуліктер болмаса, қазақ һәм өзге ұлттар алып державаның бодандығында күн кешіп, бұл соғысқа араласуға мүдделі болды.

«Парасат майданы» бағдарламасында Дархан Әбдік мырзаның, Екінші дүниежүзілік соғысты КСРО мен Германияның бірігіп бастағаны туралы сөз болады. Ондағы негізгі мәселе, Польшаны екіге бөліп алумен қарастырылады. Ақыры екі қошқардың басы бір қазанға сыймай, соғыс оты тұтанып, Гитлер – фашист, КСРО – фашизмге қарсы күрескер тарап болып көрсетілді. Жоғарыда айтылған шындықты біздің халық біле бермейді. Неге? Себебі, әлі де болса Кремльдік көзқараста ойлайтын біздің елдегі сана үшін бұл қалыпты үрдіс.

Қазақстан тәуелсіз ел ретінде кез келген тарихқа енді өркениетті ел ретінде және барынша объективті түрде қарауы керек. Тарихтағы құпиялардың шеті көрінсе бас салып жамандаудың не жақтаудың да қажеті шамалы. Өйткені шындық ешқашан тәтті бола бермейді. Қабылдау керек, сүзгіден өткізу керек.

Сидней Уарбург (Sidney Warburg) кітабы

Алғаш 1933 жылы Нидерландыда баспадан шыққан кітап, кітап дүкендерінің сөресінде бірнеше күн ғана тұрған. Кейін бәрін алып тастаған. Дерекке сенсек, ағылшын тіліне аударылған нұсқасы британ мұражайларының бірінде көрмеге қойылған. Алайда, бұл жерде де ұзақ тұра алмаған. Себебі, кітапты халық пен зерттеуші ғалымдарға көрсетуге тиым салған. Кітаптың авторы туралы бір өсек бар, ол сол кездегі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы ірі банкирлердің бірі Уарберг шаңырағына тиесілі дейді. Қызығы Уарберг отбасы мұны мойындаған жоқ.

Жұп-жұқа ғана кітап туралы «New York Times» газеті 1933 жылғы 24 қарашадағы санында  жариялайды. Толық ақпарат берілмесе де, онда кітаптың аса бір құпияның шетін көрсететіні туралы сөз болады. Сонымен, ол қандай құпия?

Гитлерді қаржыландырған кім?

«Ақша соғысы» кітабында біз айтып өткен «Синдей Уарбург» кітабы тілге тиек болады. Жұп-жұқа кітап ішінде АҚШ пен Ұлыбритания банкілерінің Гитлердің тікелей қаржыландырғаны туралы айтылған. Одан бөлек билікті тартып алу саяси маңызы бар жобалар да іске асырылған. Ол жобалар: «Dawes Plan» және «Юнг» деп аталады. Бұл жобалардың артында тұрғандар және үлкен күше ие, ол әрине – Уолл Стрит.

Алты-ақ жыл ішінде Германияны экономикалық және қуатты әскер жағынан ешбір елге қаратпай алып шыққан Гитлер, 1933 жылдың 30 қаңтарында канцлер боп тағайындалып, 1939 жылы 1 қыркүйекте алғаш соғыс отының пілтесін тұтатты. 1923 жылы басталған Германиядағы дағдарысқа қарамастан, алты жыл ішінде қуатты елге Германия қалай айналды?

1924 жылдан бастап 1931 жылға дейін Уолл-Стрит біз жоғарыда атап өткен «Dawes Plan» және «Юнг» жобасын қаржыландырып келді. Екі жоспар арқылы қаржы орталығы 138 миллиард марк несие берді, ал осы аралықта Германия соғыс төлемін өтеуге 86 миллиард марк бөлді, осы есеп бойынша, шындап келгенде Германия АҚШ-тан 52 миллиард марк қаржылай көмек алып, әскери өнеркәсіпті өте жылдам уақыт ішінде дамытты.

1919 жылы Ұлыбританияның бас уәзірі Дэвид Георг «Версал бітім шарты» бойынша Германияға жүктелген өрескел төлем міндеттемесі, түптің-түбінде немістерді бітім шартынан бас тартуға, не соғыс қозғауға мәжбүр етеді деп болжаған болатын, айтса айтқандай, болжам шындыққа айналды.

Гитлер және 10 миллион доллар

1929 жылдың маусым айында әлемді билеп-төстеп отырған тұлғалар мен банкирлер арасында әлемдік үлкен сілкініс жасайтын жиын өтті. Жиындағы бастып мақсат: Германияны Францияның қыспағынан алып шығып, Гитлерді канцлер етіп тағайындау еді. Жиынның басты қонақтары Морган мен Рокфеллер болды. Бұл хабарды Гитлердің өзіне жеткізу үшін Сидней Уарберг Германияға аттанды. Оның қолында Рокфеллердің қолжазбасы бар. Ақыры бірнеше күн аялдап жүріп, Гитлермен жолыққан Уарберг Уолл-Стрит банкирлерінің талабын ортаға салды. Онда «Басқыншылық сыртқы саясатты қуаттап, әлеуметтің Францияға наразылығын қоздыру» жөніндегі шарт болды. Гитлер келісу үшін өзінің шартын қойып, 100 миллион маркпен бәрін тындыратынын айтқан. Қызығы, мүйізі қарағайдай банкирлер мұны көп ақшаға балап (24 миллион доллар), Гитлерге 10 миллион долларға разы болсын дегендей сыңай танытады. Гитлер аталған сомаға (10 миллион доллар) келіседі.

Рокфеллер Гитлердің тек ықпалына ғана емес, оның нацистік көзқарасына да қызыққан. Осыдан кейін өмірі нацистік көзқарастағы Гитлер туралы қалам тербеп көрмеген «New York Times» газеті ол туралы, оның нацистік көзқарастағы сандырақтарын баспаға жібере бастады.

Айта кету керек, АҚШ-тың соғысқа кейін қосылуына байланысты алып-қашпа сөз көп. Шындығында, 1929 жылғы дағдарысты бастан кешіп жатқан Америка үшін бұл тиымсыз әрі ақымақтық еді. Сондықтан, соғыстан қалыс қалуына және өзінің экономикалық мүддесін ойлауда олардың өзіндік тактикасы болды. Ал Уолл-Стритке тоқталар болсақ, бұл қаржы орталығының артында тұрғандар Еуропаны билеп отырған банкирлер мен Рошильд династиясы еді.

ThyssenKrupp туралы не білесіз?

«ThyssenKrupp» деген атауды көзіңіз Қазақстанда жүріп те көреді. Себебі, лифт пен экскалаторлардың жанында осы марка тұрады. Бұл қазір әлемдегі ең ықпалды, ең бай және брендке айналған бірлестік.

Кейбір деректерге жүгінетін болсақ, ThyssenKrupp өзінің дамуы жолында ІІ дүниежүзілік соғыс кезін жиі еске алатын да болар. Себебі, Гитлерді жақтай отырып, оған тікелей қаржылай көмек көрсеткен. Есеп бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аталған компания 3 миллиард марк табыс тауып, санаулы ғана бірнеше жыл ішінде шіріген байлықтың үстінен шыға келген.

Уолл-Стриттен бөлек Гитлерді суық қарулармен және техникамен қаруландыру жағынан ThyssenKrupp-тің де тигізген және пайда тапқан үлесі бар.

КСРО жеңді ме әлде Гитлер солай шешті ме?

1943 жылы 13 қаңтарда, Рузвельт пен Черчиль: «Германия, сөз жоқ, шартсыз түрде тізе бүксін» деп мәлімдеме жасаған. Алайда, бұл мәлімдеме Гитлерге қарсы, одақтас елдермен ымыраласуды қуаттайтын германиялық күштерді қайран қалдырды. Себебі, Германия 1942 жылдың тамыз айында-ақ одақтас елдермен ымыраға келудің шартын ұсынып, 1939 жылы 1 қыркүйектегі шекара бойына шегінуге, сол арқылы, Германия қалайда жеңілетін осы соғысты аяқтауға талпынған болатын.

Бұл туралы «Ақша соғысы» кітабында мынандай тұжырым айталады:

«Рузвельттің «Германия, сөз жоқ, шартсыз түрде тізе бүксін» деп мәлімдеме жасауында бірнеше себеп бар. Ол Германиямен бейбітшілік шарттары туралы кеңесу одақтас елдердің ішкі бөлігіндегі пікір алауыздығын туғызуынан алаңдады, ол туралы әңгімені одақтас елдердің күші арқылы соғыста жеңіс құшқаннан кейін қозғауды жөн санады және Сталинград шайқасында тығыраққа тірелген Сталинге Германиямен жеке дара бітімге келмейтініні туралы уәде беірп қойып еді. Алайда, ең негізгі себеп – Рузвельт Германия түзетімпаздарының (автордың жазуы бойынша) кейінірек Германияға өз кезінде құрғақ уәдеге алданып барып соғыс тоқтатты деген әңгіме көтеруінен мүмкіндігінше сақтанды».

Түйін.

Қай заманда болмасын соғыс отының тұтануы жолында және оның артында арам ақша мен үлкен пайданың жататыны белгілі. Гитлерге дейін бұл қателікті Наполеон да басынан өткерді. Ал сол кездегі Рошильд династиясының соғысты толықтай өзінің қаржылай өсуіне пайдаланғанын осыған дейінгі «Ватерлоо шайқасында Ротшильд династиясы қалай жеңіске жетті» атты мақалада жазған болатынбыз.

Гитлердің соғыста жеңілуіне негізгі себеп – қаржы. Ал кейінгі ойдан шыққан немесе барынша әсірелеуге тырысқан объективті емес идеологиялық тарихтың парақтары қашан ақиқаттың бетін ашып көрсетер екен. Бәріне уақыт емші.

ІІ дүниежүзілік соғыста Германия да Совет үкіметі де жеңіске жеткен жоқ. Жеңіске жеткен – ақшаның патшалары. 

0 Пікір Кіру