Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарлары қызметінен босатылды - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Үкіметте кадрлық өзгеріс болды

ҚР Үкіметінде кадрлық өзгеріс болды. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары болған Арман Қайратұлы мен Берік Тұрсынбекұлы қызметінен босады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арман Қайратұлы Евниев берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұдан өзге, ҚР Үкіметінің қаулысымен Берік Тұрсынбекұлы Бейсенғалиев берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика вице-министрі лауазымынан босатылып, Премьер-министрдің өкімімен Премьер-министрінің кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

0 Пікір Кіру