Барлық педагогтың жалақысы өспейді - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Министр сөзі

Білім саласындағы барлық қызметкердің жалақысы 30 пайызға өспейді. Бүгін білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осындай мәлімдеме жасады. 

«Жалақының 30 пайызға дейін өсуі алатын жалақысына байланысты сараланады. Біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Коэффициенттері анықталуда. Әрі қарай ақпарат қолжетімді болады. Қазір, мысалы, ең төмен жалақы алатындар туралы айта аламын. Мысалы, үшінші дәрежедегі санитарлық техниктің жалақысы 48 мың теңгеден 64 мыңға дейін өседі», - дейді Күләш Шәмшидинова. 

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджет саласындағы төмен жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын арттыруды тапсырған еді. Төлем биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру