21 мыңда әр баланың тиесілі үлесі бар - на politic.bugin.kz
Нұрила Шынәділова - на politic.bugin.kz Нұрила Шынәділова

Әлеуметтің әлеуеті көтерілсін десек...

«Нұр Отанның» съезі өтті дүркіреп. Көпшілік көп нәрсе күтті. Күткен үміттер ақталды ма? Әрине, бірталай әлеуметтік мәселелер бүгін-ертең өз шешімін табатындай болып көрінді. Бірақ, мен осы жазбамда солардың тек біреуіне ғана тоқталғым келеді.

21 мың әр балаға берілетін жәрдемақыны әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер ғана емес, барлық көп балалы аналар алуы тиіс деп ойлаймыз. Отбасының жалпы табысына, отағасының алған жалақысына, қарт ата-әженің зейнетақысына иек артпастан, бұл теңге Аналар үшін төленуі қажет. Қазіргі үйде отырған аналардың дені дипломы бар, орта не жоғары білімді мамандық иелері. Десек те олар балаларын болашағым деп қарағандықтан, ұрпақ тәрбиесін карьералық мүддеден жоғары қоюды жөн көрген жандар. Осылай «халқымның санын көбейтсем, сапасын арттырсам, нағыз ұлтын сүйетін текті ұрпақ тәрбиелеп өсірсем» деп бар қажыр-қайратын жұмсап отырған Аналардың ел үшін сіңіріп жатқан еңбектері орасан. Жолдасы министр әлде мұғалім, қарапайым жұмысшы немесе жұмыссыз болғанының айырмашылығы шамалы, Ананың аты Ана, Баланың да барлығы бірдей Бала. Ана мен баланың құқығы барлық жерде тең.  Мемлекет осы тұста сараңдық танытпай, балаларды бөле жармай, аналарды алаламай, барлығына бірдей қараса дейміз. Ертең «бермеген сыбағаңды сұрап алмай тартып алмаққа» талаптанғандар өтірік қағаз толтырып, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың түр-түрін жасап, қалай да аз қамтылған отбасы деген бір жапырақ анықтаманы алады.

Қоғамды алалау масылдыққа алып барар бір баспалдақ деп білеміз.

0 Пікір Кіру