Жетім көрсең жебей жүр - на politic.bugin.kz
Гүлсезім Әбдіжәлел - на politic.bugin.kz Гүлсезім Әбдіжәлел

Жетімін жылатпаған елміз

Қазақ – текті халық. Ал, тектілік дегеніміз не? Иә, біз бұл сұрақтың жауабын өткен тарихымызға көз жүгірту арқылы табамыз. 

Қазақтың тектілігі сонда, біз жетімін жылатпаған елміз. Жетім баланың басынан сипасаң, онда қанша тал шашы болса, сонша сауаптан болады. Ертеде ата-бабаларымыз "әмеңгерлік" салтын не үшін ұстады деп ойлайсыз? Әкесіз қалған бала мен жарсыз қалған келіндерін тентіретпеген. Балалар жетімдіктің тақсіретін тартпас үшін інісіне, не ағасына егелікке береді. Осылайша жетімдер де, қарусыз қалған бөбектер де болмаған. Ал қазір ше? Қазір қанша бала көшеде қараусыз жүр, қанша бала жетімдер үйін паналап жатыр. Қазіргі таңда көшеде қаңғырып жүрген бала көрсе, ешкім таңданбайтын болды ғой! Жетім балалардың саны неге сонша көп және ол неліктен күннен-күнге артып келе жатыр? Бұл түйткілді мәселені қалай ауыздықтауға болады? Бұл сұрақтың жауабы сіз бен бізге жақсы мәлім. Ол – көкек ана. Өзегін жарып шыққан балаға еміренбейтін, аналық сезімін, аналық жауапкершілігін сезбейтін көкек аналардың кесірінн сан мыңдаған бала ата-ана мейірімін көрмей өсіп жатыр. Енді ойлап қараңызшы, жетімін жылатпаған халықтан неге мейірімсіз ұрпақ тарап отыр? Әрине, көпке топырақ шашуға әсте болмайды. Бес саусақ бірдей емес. Баласын тағдырдың тәлкегімен тастауға мәжбүр болған аналардың мұңына да түсіністікпен қарауға болады. Дегенмен, бұл баланы тастауға себеп деп ойлау өте қиын. Күн санап жетімдер санының өсуі қазақтың басына төнген қауіп. Бұл өауіптің ауызын алу біздің міндетіміз. Бойымыздағы адамгершілік сезімін оятып. сәл де болса, қуаныш сыйлауды үйренуіміз керек. Біреуге қуаныш сыйлау арқылы ғана бақытты боламыз. Бақыттың кілті - қуаныш пен шаттық емес пе? Әрине, оларға ата-анасының мейірімін сыйлай алмасымыз анық. Алайда, мұң шалған көңілдеріне, қиындықтан қанаты қайырылған бөбектерге қуаныш пен бақыт сыйлау әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Жетімдер үйіне барған кез келген адам көзін жасқа толтырмай шыға алмайды. Келген адамдарға кезек-кезек көз тастап: "Кім мені алып кетедә екен?" немесе "Менің анашым келген шығар" деген үміт оты маздаған көздері жүректі жылытары һақ. 

Мен Қазақстан Республикасының тәуелсіз Жас ұланы ретінде болашақ елімнің даму жолында бұршақтай болсын өз үлесімді қосқым келеді. Орындалмас арман жоқ. Тек орындай алмайтын адам көп-ақ. Бұл өмірде бәрі мүмкін. Тек мақсатың айқын болса болғаны. Өмірлеріне мейірім, көңілдеріне шексіз махаббат сыйлау біздің міндетіміз. "Жетім көрсең жебей жүр" деген сөзді басшылыққа ала отырып, келешекте жетімдер үйінің есігін мәңгілікке құлптайтынымызға сенемін. Әрине, бұл бір адамның қолынан келетін іс емес. Жазушы Мұхтар Әуезов: "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" демекші ел болып, халық болып осы қауіптен шығудың жолын табуымыз керек.

0 Пікір Кіру