Жастар жылы - на politic.bugin.kz
Жұлдыз Мұқанова - на politic.bugin.kz Жұлдыз Мұқанова

Елбасы бастамасымен 2019 жыл- Жастар жылы деп жарияланды. Жаңалыққа жаны құмар жандар үшін бұл айтулы жаңалық болғаны шындық

Елдің ертеңі, ұлт болашағы жастарды қолдап түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр. Осы орайда заман талабына сай мамандар дайындап, кадр мәселесін шешу де жолға қойылды.

Бәсекеге қабілетті адам қандай болуы керек: бірінші кезекте, тілін тарихын діні мен ділін білетін жан. Өткенді білмесек, болашаққа нық қадам басу мүмкін емес!

Келесі ерекшілігі: тіл меңгеру. Қанша тіл білсең, сонша адам боласың демекші тіл білу түрлі елдердің салт-дәстүрімен танысып, еркін саяхаттауға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, коммуникацияға түсіп, өз біліміңнің көкжиегін кеңейтуге керек.

Бәсекеге қабілетті маманның басты ерекшеліктерінің бірі- техникамен дос болуы.

Ауырды жеңілдетіп, алысты жақындатқан техникалық құралдар біздің ғасырда жұмысты жеңілдетіп саны көп, сапасы жоғары дүниелер жасауға ықпал етті.

Келесі басты ерекшелігі ретінде адам бойындағы түрлі қасиеттерді алдым. Ең бірінші патриот және өз ісіне сенімді жан болуы жетістікке жетуге жол ашады.

Ақпарттарға сүйенетін болсақ, жастарды түрлі саладағы қызметтермен қамту мәселесі бойынша әртүрлі бағдарламалар жүзеге асуда. Өңірлерде жастарды дамытуға арналған орталықтар , еріктілер ұйымы құрылып жатыр. Жолдауда жарияланған жылынан не күтуге болады? Мен инстаграм әлеуметтәк желісі арқылы жастар жылынан ештеңе күтпейтін, жай жыл деп қарайтын адамдарды да көрдім. Жас шамасы 30-ға таяған адамның негатив пікір айтып отырғаны оқушылар мен студенттер үшін кері әсер ететіні белгілі. Аққу , шортан һәм шаян болып жан-жаққа тартпай берілген мүмкіндікті пайдалануымыз керек. Егер талабы мен талпынысы биік болса кез келген адам жұмыспен де, табыспен де қамтамасыз етіледі. Жастар жылы аясында жастарды қолдауға арналған қаржы көңілден шықпайтын форумдар мен конференцияларға жұмсалмай, бизнес бастаймын деген нақты жоспары бар, таланты терең, талабы биік жастарды қолдауға жұмсалса нұр үстіне нұр болатын еді. Ұлы дала ұрпақтары, ұлт айнасы -жастар Ел мен Елбасы артқан сенімді ақтай отырып, Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосамыз керек.

0 Пікір Кіру