Құмар ойын құрығы  - на politic.bugin.kz
Аягөз - на politic.bugin.kz Аягөз

Букмекер

«Ой түбі – алтын, ойын түбі – от»,- демекші бүгінгі таңда құмар ойын мен бәс тігудің қызуы қызып тұрған шақ болды. Спорт тек салауатты өмір салты ғана емес, нағыз мол табыстың көзіне айналды. Оған дәлел еліміздегі қаптаған букмекерлік кеңселер, ойын құрылғылары, казинолар десек артық айтқанымыз емес. 

2014 жылы бүкіл аймақ бойынша 13 казино, 8 ойын автомат залы, 37 букмекер кеңсесі, 2500- ге жуық тігіс қабылдау пункттері тіркелген көрінеді. Ал, қазіргі кезде олардың саны артпаса кемімегені белгілі. Ресми деректерге жүгінсек, казино мен ойын автоматтарының нарығы шамамен жылына 150 млрд теңгені, яғни 810 миллион долларды құрайды. Бұл әрине, қыруар қаражат. Сарапшылар сол қаражаттың басым бөлігі қылмыстық жолмен алынатынын айтады. Сонымен қатар, осы саладағы қылмыстар саны да жыл өткен сайын көбеюде. Мәселен, қаржы полициясы 2010 жылы – 34 қылмысты ашса, 2013 жылы ойын бизнес саласындағы қылмыстар саны 500 – ден асқан. 2012-2013 жылдары 78 жасырын казино мен 208 ойын автоматтары қызметінің жолы кесілген. Бүгінде елімізде бір ғана «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 180-нен астам филиалы жұмыс істеуде. Онымен қоса, «Betcity», «1XBet», «Megabet», «Profit Bet», «FinBet» деген кеңселердің де бөлімшелері аз емес.

Әрбір азамат бәс тігудің құмар ойын екенін, ал құмар ойынның қарапайым жұрттың қалтасын жұқартатынын есте сақтаған абзал. Оның үстіне, бір рет бәс тіккен адам тәуелділік ауруына шалдығады. Қалай десек те, бұндай кеңселердің жұмысына түпкілікті тосқауыл қою мүмкін емес. Бірақ, әрнәрсенің шегі болатындығын естен шығармағанымыз жөн болар.

0 Пікір Кіру