Әйеліне Алматыны сыйлап жібермек болған кім? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

КСРО мен ҚХР қарым-қатынасы

КСРО мен Қытай Халық Республикасының қарым-қатынасы 60-жылдардың соңында қатты шиеленісіп кетті. Тіпті Даманск аралдарында қарулы қақтығыс болып, қос тарап адами шығынға ұшырады. 

«Әне-міне Кеңес-қытай соғысы басталып кетеді» деген саяси болжам шындыққа бір табан жақындай түскен еді.  1969 жылдың 2-15 наурызы аралығында орын алған Даманск аралындағы шайқастан кейін, Қытай тарапы Кеңес одағына қыр көрсетуді күшейтті. 2-18 мамырда Қазақ ССР-ның, Алматы облысына қарасты Дулат ауылына 1500 қытай сарбазы кіріп, биіктіктерге бекініп алды. Екі тарап қанды қырғын жүргізуге дайын болды. Алайда ұзақ келіссөздерден кейін, Қытай тарапы өз әскерилерін кері шақыртты. Кеңес Одағының шекарасын бұзу Қытай тарапы үшін үйреншікті жағдайға айналды. Олар «отар қой іздеу, адасып жол іздеу» сынды сылтаулармен талай мәрте шекараны бұзып өтті. Аталмыш арандатуларға жауап ретінде Кеңес Одағы Қырғызстанда аса ірі жаттығу ұйымдастырды. Ол жаттығуларға барлық әскери шені жоғары жандар, қорғаныс министрі Гречко қатысты. Сол жаттығулардан кейін Алматының қорғанысын күшейтіп, «Ортаазия әскери округін» құру шешімі қабылданған болатын. Бұл оқиғалар Қытай Халық Республикасының сол уақыттағы ең қуатты саналған әскери державаға қарсы әрекеттері еді.

Тіпті Мао Цзэдунның Алматыны тартып алу жоспары болғанын да сол оқиғалардың куәгерлері мәлімдейді, Мысалы «Ортаазия әскери округінің» саяси басқару бөлімшесінің басшысы, генерал-лейтенант Константин Максимовтың жұбайы, ҰОС-ның ардагері Тамара Максимованың бір естелігінде: «Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз тым шиеленіскен еді. Мао Цзэдун әйелінің 40 жылдығына Алматыны сыйламақ деген ақпараттар да болды» деген жолдар бар. 1969 жылы 13 тамызды Жалаңашкөл қақтығысы орын алды. Бұл КСРО-Қытай тарихындағы ең соңғы ашық қарулы қақтығыс еді.

0 Пікір Кіру