Хайп қуғандар  - на politic.bugin.kz
Arlan - на politic.bugin.kz Arlan

Мәдениет және спорт министрлігі: Вайнер Мейіржан қазақфильмді хайп үшін жамандады

Актерғада хайп керек! Вайнер Мейіржан Төребаев Қазақфильмді әдейі жамандады! Көпшіліктің назарын өзіне аударту үшін! Еліміздің Мәдениет және Спорт министрлігі осы апта Сенаторлар алдында сөз сөйлеп, картоп жарған, бұрынғы КВН ойыншысының әрекетін осылай деп бағалады!

«Шын мәнінде қазіргі таңда вайнер болып, арзан дүниелермен атын шығарып, атын шықпаса жер өрте дегендей, осындай жағдайға барып жататыны өте өкінішті өйткені, вайнерлердің өздері көп нәрсеге үңілмей халықтың алдында, лайк жинау үшін, просмотр үшін осындай арзан дүниеге барады» - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хашысы Айдар Қырықбай.

Жас актердің Үкімет мүшелеріне жолдаған месседждері Қазақфильм актерларының да ашуына тиген көрінеді. Олар, білдей бір министрдің аты-жөнін дұрыс айта алмаған азаматтан, қандай кино күтуге болады деп, актерға қарымта жауап қайтарды!

«Бірғаным, я хотела сказать куда министр культуры ушел, он просто здесь сидел! Арыстанбек Мұхамедиұлы?»

Үкіметке келіп тұрып, министрдің орнын сипап қалған актер Мейіржан Төребаевтің бұл сөздері қазір әлеуметтік желіде өріп жүр! Сенаторлар алдына шыққан вайнер қазақ кино нарығындағы біраз мәселені мақтамен бауыздады!

«Бәрі айналып келгенде салыққа келіп тіреледі.100-% табыстың жартысын кинотеаторларға береміз! 7-і кинопрокатқа кетеді. Қосылған құн салығы 12%! Қалған 35%-ға біз не түсіреміз сонда?Жүреміз бизнесмендерге жалынып, спонсор іздеп! Арыстанбек Мұхамедиұлының жоғы қандай жақсы болды! Қазір мен бір дүние айтайын! Осы Қазақфильм түсіріп жатқан киноның бәрі қайда? Жыл сайын бәленбай ақша алады! Сосын қоймаға апарып тығатындай! Тек тексеріс келгенде ғана алып шыға ма?» - деді актер-вайнер Мейіржан Төребаев.

Десе де, актердің әзілмен қағыта жеткізген түйткілдеріне Үкіметтегілер езу тартқанымен, тәуелсіздік алғалы 500-ге жуық туынды түсірген Қазақфильм өкілдері күлмек түгіл, мына сөздерді естігенде жылап жібере жаздады!

«Мен мына Қазақфильмде істегеніме 50 жыл! Мен мұндай сұмдықты естімегенмін. Біз қайда бара жатырмыз? Демократия деген аузына келгенді сөйлеп, сосын қараңыз ана жігіт қай жерде сөйлеп тұр! Сенатта! Өлім ғой ол! Ең болмаса бір біздің министрдің ол Үкімет мүшесінің аты-жөнін дұрыс айта алмайтын адам, кино түсірем дейді» - дейді актер-режиссер Болат Қалымбеков.

 Шығармашылық ұжым мүшелерінің депутаттарға да өкпесі қара қазандай!

«Әнеугүні Ақан Сатаевтің Анаға апарар жол деген фильмі, сонда осылар отырып қол шапалақтап, ал енді өздерінің жиынында қайдағы бір сатиралық ментті ойнайтын жігітті, өзі не айтарымды білмеймін тегі» - дейді актер-режиссер Болат Қалымбеков.

«Мына кино өнері өзі екіге бөлінеді. Бірі идеологиялық, сол идеологияның тірегі болатын. Өйткені, театр, кино, әдебиет, оның барлығы идеологиялық құрал! Ал, енді басқа сала ол коммерциямен, ойын сауықтың өнімдері. Соны ажырата білу керек. Соны бір қазір бір қазанға тығып жібердік! Сол сенаторлардың соған ілесіп кеткеніне тағы өкпеміз бар!» - дейді суретші*-режиссер сәбит Құрманбеков.

Ия! Ащы да болса бүгінгінің шындығы осы! Қазір, халық идеологияға бағытталған дүниелерден көрі, жеңіл-әзіл мен арзан идеяға құрылған киноларды көп көреді.Неге?

«Бұл бір күнде болған дүние емес! Бұл ұзақ уақыт бойы телеарналарда осындай жеңіл желпі әзілдерге құрылған бағдарламалар! Сосын өте көп әншілерге, жалпы мына эстрадаларға, содан кейін жеңіл- желпі әзілге дейді ғой, соның бәріне басымдық беру! Және сол жанрлардың өкілдерін көбірек дәріптеу! Содан кейін квн дейміз!» - дейді киносыншы Назира Рахманқызы.

Екіншіден! Бізде, қоғамға ой, миға салмақ салар туындыларды дәріптеу жағы ақсап тұр! Мойындау керек! Қазір, кез-келген кинотетрға барыңызшы, әуелі комедия жанрындағы фильмдерге аншлаг! Әрине, комедия деуге келсе оларды...

«Комедия жанры бұл өзі бір терең жанр! Сол комедия жанрын бұл кісілер сол жайдақ ат секілді,жайдақ атқа айналдырып жіберді де! Бейнелі түрде айтатын болсақ сәйгүлікті ертоқымсыз жайдақ атқа айналдырып жіберді. Бұл жерде сол комедия түсірем деп жүрген қыз жігіттердің комедия жанрын тек товар ретінде қарау! Оны тек ақшаның көзі ретінде қарау!» - дейді киносыншы Назира Рахманқызы.

«Біздің кино нарықта қазір көрсең, жағаңды ұстайтын туындылар бар! Тіпті, аттарының өзі ерсі. Мысалы Сиситай, Менің миымды жемеңдер деген сияқты! Мынау деген масқара ғой! Өкінішке орай бұл кинолар профессионалдық тұрғыда түсірілген дүниелер емес! Мағына жоқ, жүйе жоқ! Бір бос жатқан бірдеңе!» - дейді кинодраматург Нұрлан Санжар.

Бірақ, соған қарамастан халық әлгі туындыларды көріп жатыр! Жоқ, дұрысы көрсетіп жатырмыз! Себеп-айқын! Бизнес бар жерде патриотизмге орын қайдан болсын?

«Оның себебі барлығы жекеменшік! Ал енді жекеменшік болғаннан кейін бұл таза бизнес! Ал, олар халықты жинау үшін әрине олар көбірек Америка фильмдерін, жарнамасы өте жақсы жүрген фильмдерді. Көбіне жаңа блокбастер, былайша айтқанда сол фильмдерді көрсетіп, халықты жинау әлдеқайда тиімді! Өйткені, оның бәрі қаржымен байланысты!» - дейді киносыншы Назира Рахманқызы.

Десе де, салаға жауапты министрлік өкілдері бұл мәселенің барлығы енді артта қалады деп сендіріп отыр! Жуырда ғана «Кино туралы» қабылданған жаңа заңда түйткілдірдің түйінін тарқататұғын тетіктер қарастырылыпты!

«Заңда қалай шешілген бұл мәселе!Біз ұлттық фильмге аса мән бердік! Бұл заң Ұлттық фильмді насихаттауға арналған заң ғой! Егер кинотеатр Ұлттық фильмді қоятын болса олар корпоративті салықтан босатылады. Яғни басқа фильмдерге төлесе, ұлттық фильмге төлемейді. Сол кезде ол өзіне де пайда табады ғой! Сондықтан олар біздің фильмді қоюға мүдделі болады» - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы Әділет Омаров.

Тілші: Бұдан бөлек, құжатта мемлекет бұдан-былай коммерциялық туындыларды 70-80%-ға дейін қаржыландыратыны жазылған! Осы себепті, министрлік өкілдері биліктегілерге базынасын білдірген вайнердің өкпесін орынсыз санайды! Айтуларынша спикер мінберге мінер алдында, еш болмаса жаңа заңның бетін ашпаған да!

«Сол сенаттың төрағасымен кездесерде біздің министріміз басында отырып, совбездің отырысына аяқ астына шығып кеткесін, орнына вице-министр Ақтоты ханым қатысты, Мейіржанның сынын тыңдап шықты! Тыңдағаннан кейін Мейіржанның өзіне сұрақ қойды! Әрине айтып отырғаныңыз дұрыс, бірақ сіз жаңадан шыққан заңды оқып шықтыңыз ба, және Қазақфильмге өз ұсынысыңызбен бардыңызба десе бармаған! Сондықтан ойлаймын, осындай мәселені көтеріп, хайп жасау бекер іс!» - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.

Алайда, вайнердің өзі болса бұл ақпарды жоққа шығарып отыр!

«Негізі мен «Кино туралы заңмен» таныспын! Ия, мен Казақфильмге осы күнге дейін бармағанмын! Өйткені, өзіміз түсіретінбіз! Өзіміздің инвесторларымыз бар! Бірақ, Қазақфильмге бір жақсы кеңес бергім келеді. Бәрімен ашық жұмыс істесін! Кімде қандай жобалар бар сұрасын, қаржы берсін!» - дейді актер-вайнер Мейіржан Төребаев.

«Міне, қазір кино орталығы құрылып жатыр, сценарийін алсын да әкеліп берсін. Сол кезде совет оқиды, жақсы етіп жазса, неге оған ақша бермеске түсірсін киносын! Ана жерде түрып ап, Қазақфильмді жамандап, қаралауға болмайды. Ұят! Бұл да бір үлкен орган!» - дейді актер, режиссер Болат Қалымбеков.

Бұдан байқағанымыз, қоғамдық-қатынастардың алғы шебіне қазір вайнерлер шығып келеді. Бірақ, кәнігі киногерлердің айтқанына қарағанда, жастардың бұл әрекеті «Есіктен кірмей жатып төр менікі»,-дегенге саяды!

0 Пікір Кіру