Түркістан облысында жетімдер үйі толықтай жабылады - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Көпбалалы аналарды қолдайтын жоба жүзеге асады

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев халық алдыныда есеп берді. Кездесу барысында көпбалалы аналарды қолдау мақсатында «Қолғабыс» жобасының іске асатынын айтты.

Сонымен қатар балалар үйі отбасы форматына көшіп, жетімдер үйі толықтай жабылады.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, көпбалалы отбасылар ұлттық демографияға айтулы үлес қосып келеді. Қазір Түркістан облысында 130 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың ішінде 16 500 отбасыға 27 немесе 100 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты. Сондықтан көпбалалы отбасыларға көмек көрсететін «Қолғабыс» жобасының жүзеге асатынын айтты. Бұл жоба жұмыссыз жүрген ата-аналардың жұмыс табуына, балалардың бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті техникалық және кәсіби білім беруге көмек көрсетеді.

Сонымен бірге, 2019 жылы облыста «Еңбек және нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде 3,3 млрд теңгеге 3700-ден астам балаға техникалық және кәсіби білім гранты беріледі. Бұл бағдарлама бойынша көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға басымдық берілетінін облыс әкімі атап өтті.

Аймақ басшысының сөзінше, облыстағы азаматтарды әлеуметтік тұрғыда демеу үшін атқарылған жұмыстар мұнымен шектелмейді.

Мәселен, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында өткен жылы 69 682 адам қамтылып, жылдық жоспар 10,1 пайызға артығымен орындалған.

0 Пікір Кіру