Сіз заңгерлер туралы не  білесіз ? - на politic.bugin.kz
Алтынай - на politic.bugin.kz Алтынай

Заң тақырыбы бүгінде көкейтесті тақырыптардың бірі

Заң туралы терминдер алғаш рет антикалық дәуірлерде пайда болған. Солардың бірі «прокурор» бәріне қамқор болатын адам, «заңгер» болса латын тілінен аударғанда құқық деген ұғымды білдіреді екен. Ежелгі Римде сот ісі бүгінгі таңдағы шоу секілді өткен сондықтан оны қарауға көптеген көрермендер жиналған. Кей кездері сот істері бір тәуліктен аса уақыт жүргізілген. Өкінішке орай, барлық білім алушылар тамаша заңгер бола алмайды, дегенмен қалағанына қол жеткізіп, ақпаратпен толық қамтамасыз етілген білікті заңгер маман болса, одан жақсы саясаткер шығады, бірақ саясаткерден заңгерден шыға алмайды. Әлемге әйгілі тұлғаға айналып, талайлардың өміріне әсер еткен келесі заңгерлер бар: Махатма Ганди, Фидель Кастро, Владимир Ленин. Мәселен, АҚШ-тың бүгінгі күнге дейінгі президенттерінің 28-і заңгер мамандығын тәмамдаған. Ал, АҚШ Сенатының үштен екі бөлігі дәл осы заңгерлер. 

Байқасаңыздар, жұмыспен қамту орталықтарында немесе қоғамға қажетті қызметкерлердің 75%-ға жуығы құқықтық қызметке байланысты. Өйткені, ең қажетті мамандарға: банк қызметіндегі заңгерлер, салық саласындағы, нотариус, түрлі компаниялардың құқықтың мәселелерін шешетін және  авторлық құқықты қорғайтын заңгер мамандар қажет. Бір қызығы, медицина салсындағы қызметкерлер мен ауыл шаруашылық ісімен айналысатын мамандармен салыстырғанда, заңгерлердің сөздік қоры көп екен. Ол 15000-ға жуық кәсіби және күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерді біледі, бұл болса техникалық мамандардан сегіз есе көп. 

Бүгінгі күні елімізде Елбасының «Бизнестің жол картасы 2020», «Қазақстан 2050» стратегиялық жобаларының аясында көптеген компаниялар ашылып  өз қызметін халыққа ұсынуда. Ал, кез келген компания өзінің серіктестерімен келіссөз жүргізу, құжаттардың шынайылығын тексеруде және мекеме құқықтарын қарастыратын білікті заңгерлерге зәру. Демек, нарық заманында көпшіліктің қажетін қамтамасыз ете алатын заңгер болу үшін бастапқы білімді дұрыс алу керек. Білім әрбір адамның фундаменті десек, өз кәсіби өмірініңіздің нық  болуы үшін дұрыс мамандық таңдап, сол сала бойынша терең білім алған абзал. Сондықтан, қоғам сұранысын өтей алатын білікті заңгерлерді дайындауда ұлттық университеттер рейтингісінде көш бастап тұрған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сөзсіз үздіктердің үздігі. Өйткені, бүгінгі күнге дейін 85 жылдық тарихы бар факультеттен мемлекеттік істерді шебер жүргізіп келе жатқан Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов, Конституиялық кеңестің төрағасы Қайрат Мами,Әсет Исекешов, Бекназаров Бектас, Донаков Талғат және өзге де елінің қамын жеген азаматтар түлеп ұшқан. 

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикада сот жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Оның ең маңызды міндетінің бірі — судьяларды іріктеу жүйесін жолға қою.


0 Пікір Кіру