ҚР мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына кім тағайындалды? - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Жаңа басшы

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі болып Елдос Рамазанов тағайындалды. Бұл ҚР Үкіметінің қаулысы.

Е. Рамазанов 1971 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, ұлттық компанияларда жұмыс істеген.

2004–2006 жылдары — Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің аппарат жетекшісі қызметтерін атқарған.

2018 жылғы ақпаннан бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» ЗТБ төраға кеңесшісі, бас директор лауазымдарын атқарған. 2018 жылғы маусымда «Ұлттық Олимпиада комитеті» ҚБ бас хатшысының орынбасары болып тағайындалған.

2018 жылғы қазан айынан бастап — «Дзюдо федерациясы» РҚБ вице-президенті.

0 Пікір Кіру