Bugin.kz

Елтаңба мемлекеттің негізгі рәсімдерінің бірі, яғни елдің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейді. Бүгін елтаңбасы ұқсас мелекеттер жайлы айтуды жөн көрдік. Ендеше, қай елдің елтаңбалары ұқсас? Елтаңбада бейнеленген бейне қандай мағынаны білдіреді?


I топ


  • Бельгия
  • Болгария
  • Богемия
  • Финляндия
  • Люксембург
  • Нидерланды 

Аталған мемлекеттердің елтаңбасында арыстан бейнесі  "күш, билік" деген мағынаны білдіреді. Бұл елдің қарқынды дамуы үшін бір билікке бағынып, бір жүйеге негізделсін деген ниетте бейнеленген.

II топ


  • Біріккен Араб әмірлігі
  •  Индонезия
  • Оңтүстік Судан Республикасы
  •  Сирия
  • Бұл елдердің елтаңбасындағы сұңқар Біріккен Араб әмірлігінде "жалғыз билік" деген мағынаны берсе, Индонезияда "индуистік корольдіктерді еске алу үшін", ал Оңтүстік Судан Республикасы мен Сирияда "күш" деген мағынаны береді. 

III топ 


  •     Египет 
  •     Ирак
  •     Палестина 
  •     Оңтүстік Йемемн Халық Республикасы

Осы елдерде ХХ ғасырда араб мемлекеттерін жалпы одаққа біріктіруге ұмтылған саяси қозғалысқа байланысты елтаңбада бүркіт бейнесі бейнеленген. Бұл Саладин бүркіті елдің тұтастығын сақтау деген мағынаны береді.

IV топ 

          

  • Курдистан
  • Кувейт 

Бұл мемлекеттердің елтаңбасында қыран құсы суреттелген және бұл Мұхаммед пайғамбар тайпасының символы ретінде белгілі.  

V топ 

  • Албания
  • Донецк Халық Республикасы
  •  Қасиетті Рим Империясы 
  • Черногория
  • Новороссия
  • Сербия 

Мемлекет елтаңбасында бейнеленген қыран құс бейнесі "бостандық еркіндік, тәуелсіз" мағынасын білдіреді. 

VI топ 

  • Австрия

  • Германия
  • Молдова
  • Польша
  • Пруссия
  • Румыния

VII  топ 

                                                                                                                                                                                     

  • Беларусь
  • Литва 

Елтаңбадағы бейне ел бірлікте болсын деген мағынада суреттелген. 

                                                                                              Сурет авторы: MilitaryArms.ru

2 Пікір Кіру