Арендалық үйлер кімдерге беріледі? - на politic.bugin.kz
Абай Тағыберген - на politic.bugin.kz Абай Тағыберген

Соңғы аптадан бері баспана проблемасы ел ішінде қызу талқыланды, ұсыныс-пікірлер де орнымен айтылды. Оған себеп те жоқ емес. Себебі Қазақстанда баспана алудың жолы тым ұзақ. Қомақты қаржысы жоқтар тұрғын үй саясатының шарттарының ауырлығына қарамастан баспаналы болуда. Ал, айлық жалақысы шайлығынан артылмайтындар пәтер жалдап күн кешуде. Әсіресе, көпбалалы отбасылардың тұрақ етер баспанасының болмауы Үкіметті де оятқан секілді. Бұдан қалды жастар жылы деп айдар тағылған жылда отбасылы жастар үй алудан үмітті. Енді билік сол игі тілектің орындалуына ден қоя бастады

Бұдан былай жастарға арендалық үйлер беріледі. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев ақжолтай жаңалыққа салмақ салды. Министрдің айтуынша, арен­далық пәтерлер әзірге республикалық ма­ңы­зы бар үш қалада іске асады. Ақпан айы­ның аяғына дейін бағ­дар­ламаны іске асы­рудың тетіктері толық ше­шілмек. Қазірде Қоғамдық даму министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігімен бірлесе келе арендалық баспана берудің жолдарын қарауда.

- Жастарға арналған пәтерлер биыл тара­тылады. Енді оны біз емес, жергілікті атқа­рушы органдар береді. Біз нақты талаптарын әзірлейміз. Ағымдағы жылы үш қалаға, шама­мен 1 мың пәтер бөлінеді. Бұл - Пре­зиденттің тап­сырмасы. Сонда Астана, Алматы мен Шымкенттің әрбіреуіне үш жүзден астам пәтер келеді,- деді Д.Кәлетаев.

Мың пәтердің әрбірі баспаналы болуға үміт­ті жасқа берілсе, Қазақстанда әлеуметтік мә­селе ретімен шешілер еді. Әрине, халық арендалық баспананың тек санаулы аймақ­тарда ғана емес, барлық өңірлерде жүзеге ас­қанын қалайды. Себебі аз қаржы төлеп, бас­панаға кіргенді құп көреді. Ал, министр­лік­тегілер биыл жастарға арналған типтік тұр­ғын үйлерді салып бітіру мүмкін емес. Сон­дықтан жергілікті әкімдер дайын үйлерді сатып алып, жастарға бермек.

Министр Дархан Кәлетаев "арендалық үйлердің мәселесін толық пысықтап алма­йын­ша нақты ұсыныс айту ерте" дейді. Бі­рақ, арендалық төлемнің бағасы 10-12 мыңды құрауы керек дегенді алға тартып отыр. Себебі 10-12 мыңнан бөлек коммунал­дық төлемдер­дің қаржысы бар.

Ведомство басшысы Дархан Кәлетаев арендалық үйлерді тұрақты жұмысы бар және 29 жасқа дейінгі жастар ғана ала алаты­нын мәлімдеді. Айдың аяғына дейін аренда­лық мақсатта берілетін баспананың нақты шартта­рын министрлік әзірлеуі керек.

Арендалық үй дегеннен шығады, осыдан 2 жыл бұрын ҚР Инвестициялар және даму ми­нистрлігі құрылыс және тұрғын үй-ком­му­нал­дық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов "несиеге қар­жысы жоқ азаматтарға арендалық үйлер салы­нады" де­ген-ді, яғни "әлеуметтік аз қамтама­сыз етілген отбасыларға жалға бе­рілетін үйлер беріледі" деп еді. Сол уақытта "әрбір өңірге 180 аренда­лық үй салынады" деген ақпарат тарады. Алай­да, өңірлерде арендалық мақсаттағы үй­лер салынбады. Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаев айтқан жастарға арналған арен­далық үй бастамасы да аяқсыз қалмаса игі.

0 Пікір Кіру