Президент: Басқа жұрт желетін болса, біз шабуымыз керек - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Біз қалып қалған елміз

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының кезекті жеңімпаздарымен кездесті. Президент Қазақстанның болашағы жасатардың қолында екенін айтты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады.

"Қазіргі уақытта басқа жұрт желетін болса, біз шабуымыз керек. Себебі біз қалып қалған елміз. Ол біздің кемшілік емес. Тарих, тағдыр бізді солай етті. Көп жылдар Ресейдің қол астында болдық. Басты мемлекет өзінің шаруасын шешіп, бізге де көмегі тиген шығар. Бірақ, біз екінші орында болдық. Одан кейінгі саясат та бізге жол берген жоқ. Бірінші орынға бізді шығарған жоқ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаздармен кездесу барысында.

Ол 27 жыл тәуелсіз ел үшін, тарих үшін біз мезет екенін атап өтті.

"Біз енді ғана қанатымызды жайып, дүниеге қазақтың кім екенін, қазақ деген мемлекеттің бар екенін дүниежүзіне паш еттік. 27 жыл тәуелсіз ел үшін түк емес. Осы жылдар ішінде осынша жастарды тәрбиелегеніміз үшін өзімді өте бақытты санаймын", - деді Елбасы.

Айта кетсек, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының екінші кезеңі жүзеге асты. Жобаға 2388 өтінім түскен. Сарапшылар тобы жоба талаптарына сәйкес келесі кезеңге өтетін 200 кандидатты іріктеді. Соңғы онлайн дауыс беру арқылы жобаның 29 жеңімпазы анықталды.

0 Пікір Кіру