Косарев мырза Лениннің қоқыста жатқан мүсіні үшін ашуланып жүр ме? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Депутат сауалына жауап

«Халық коммунистері» фракциясының мүшесі әрі мәжіліс депутаты Владислав Косарев Ленин мүсінінің қоқыста жатқанына алаңдайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжілісте «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заң жобасы қаралды. Осы кезекте Владислав Косарев мырза ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, кеңестік дәуірден қалған мәдени ескерткіштер жайында сауал жолдады.

«Бізде кеңестік уақыттағы ескерткіштерді сақтау үшін қандай моралдық жауапкершілік қарастырылған? Лениннің ескерткіші қоқыста жатқан қалада өмір сүруге болмайды ғой. Ал бізде қоғам мәдениетіне жауапты Мәдениет министрлігі бар»,-деп ашуға басқан депутатқа: «Дұрыс айтасыз. Кезінде мынандай ұран болған: Ленин өмір сүреді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді»,-деп Арыстанбек Мұхамедиұлы әзілдеп жауап берді.

0 Пікір Кіру