Бəз-баяғыдан ұмыттырған сөз... - на politic.bugin.kz
Рамазан - на politic.bugin.kz Рамазан

Заманына сай амалы

Атам, қазақ заманынан бері, қазақ халқымыз адамгершілік қасиетін жадынына түйе білген. Кім, қандай опасыздық жасаса да, "даудың арты жау, бірлік арты кеміс жайлау" дейді екен. Алайда, керек кезде бірлесіп, тойтарыс бере де білген. Ақ сақалына дейін ғұмыр кешкен қадірменді қарттарымыздың сөзіне бұрын кімің болсын, құлақ аса білген, яғни, "ағайын, ағайынның айнасы" дегендей, бірінің сөзі, біріне құрметті бола отырып, келер жас ұрпаққа да нақыш-насихат болатын.

Əр ғасырға тəн "заманына сай, амалы" деген Ахметтердің жалпыға ортақ тəмсіл сөзі бар. Алғаш, жаңа тəуелсіз болашаққа іргетасын қалау үшін, ата-бабаларымыздың ертеңгіге өсиеті, одан əрі даму үдерісіне бізге, яғни өз келешек ұрпақтарына қалдырған мұрасын ұтымды пайдалануымыз абзал еді. Олар бізге жер, сөз бен əрекет бостандығы, ұлттық тəуелсіздігін жəне болашаққа жол ашып берудің бастаңқы қадамдарын алдымен өздері жасап кетті. Ал, қазіргі таңға орай, міне, қазақ тəуелсіздігін алғанына 25 жылдан асса да, өз Отанымызбен əлі де жөнімен мақтана алмай отырмыз. Халқымыздағы азаматтары арасында екінің бірі жергілікті, қалалық əкімдер мен Парламенттегі екі сатысында отырған депутат өкілдері ауыздарынан түспейді. Балағаттау мен кір келтіру сөздерін айтудан жалыққан болармыз сірə? Ендеше, мен де ХХІ-ші ғасырға тəн сондай талқылау таразысына салынып жүрген мəселелердің бірден-бір шешімінің мысалын келтіріп көрейін. Əуелі, бейбіт орнаған жерімізде түрлі топтық ұрыс-қырғын болып жүр екен, содан бастайық. Алдыңғы апталардың сарынында болып өткен Қарағанды оқиғасынан кейін, өзімнің жеке статистикам бойынша, жалпы 18 млн.-ға жуық қазақ халқының 10/2-3 - нен, 10/7-сі национализм екпінінің астына қалыпты. Нұратамен бірге қоса. Енді біз кавказдарды жақтырмайды екенбіз! Ал, қазір тарихтың шындығына жақын деректерді келтіретін болсақ, 2-ші дүниежүзілік соғысында тіпті өзімізден артық 2 есе қырылған, репрессия мен генацидтен бізбен бірге қатар аштық азабын шеккен орыс халқына өзімізді жаңадан шаптырып жатыр. Шынтуайында олар бізге не істеді қалай ойлайсыздар? Тарихты қысқа шолып, ойланып көрейік! Біздің жерімізді отарлау саясатын 1906-17 жылдар аралығында жүргізу ебін патша жарлығымен қолына алған П. А. Столыпиннің аграрлық реформасы тек қазақтарға емес, сонымен қатар өз орыс халқына да зардабы тиген. Таяқтың екі ұшы бар екені бұдан бірді ұқтық. Сөзіме сенбесеңіздер, Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: Қазақстан отаршылдық жəне тоталитарлық қыспағында. 4 кітаптан тұратын 3 томдық. 13-ші ғасырдан бастап, тəуелсіздік қарсаңына дейін жəйттерді қарастырып келеді. Жəне мұнда да Кеңес үкіметінің уақытында "Советская энциклопедия" 7 томдығының арасында Шыңғысханның жаулаған елдеріне мүлдем тиіспегені туралы аңғармай ма, əлде амалы болмағаннан соң ба айтылып кетіп еді. Сол сияқты мында да, тарихтың күші орасан болғаны соншалық, толық өзгерте алмағаны ғой фактілерді. Өйткені, бір рет əлсін күйде шыққан бойы, қайтып Сырдарияның сырына қан-жосық майдандағы батырларының мəйіті батқандай мəңгіге бата алмады. Ары қарай кеттік, Сталин кім өзі? Орыс па, əлде өзге біреу ме? Сол баяғы Троцкиймен қарсыласып жүрген Сталин, Троцкийдің өзінен не жақсылығы бар? Ол, "барлығын қырып жоямын, өз əулетім ғана басқаратын болады" деген сыр бүккен ойымен халықтың жалаң-төсін аштыртты да, ашыған, қажыған елдің бетіне де қарамай, ашындырды. Сондағысы, өз елінен шыққан азамат сондай опасыз болғаны ма? Бірақ біз оны да нақты біле қоймаймыз. Жастайынан 80.000 кітаппен толыққан 2 қос кітапханасын бітірген нағашы Серік атам "-Кітапты адам баласы жазғаннан кейін, ол жерде шын-өтірігін айыра білуің керек" дейді. Оны біреулері орыс дейді ғой. Ал негізі ол Грузин! Бірақ, енді Грузин екен деп, барша Грузиндерді де жек көрмекпіз бе?

Жақсы, Ал Хрущев ше? Ол тіпті бір ыңыр жақтың азаматы. Нақтысын білмедім, білгенімді айтамын. Ал, жақсы, оқып жатқаныңызда қаныңыз қайнап жатыр білем. Онда, өз ішіміздегі əлі ешкім бөгет болмаған ежелгі қазағымыздың көшпелі тауарихын алып қарастырайық. "Ақтабан шұбырынды". Қазақ қауымына аса қайғылы уақыттарының бірі. Біресе, үлкен ыстық ауа-райынан қуаңшылық, біріде, ауыл-ауылдың тыңнан шапқан жаудан қашпақ болғанының кесірінен аяқ-қолдары мен жарты мұрнынан қақаған аяз айырылтуы желтоқсанның 20-шы күнінен басталған ауыр жұт, онымен қоса, жоңғар шапқыншылығы. Дəл сол Цевен Рабданның ұлдары Қалдан Серен мен Шона-Доба бастаған жоңғар шапқыншылығы барша қазақ баласының бас қосылуына үлкен себеп болды. Тəуке ханның қайтысымен өзара дүрдараз болған Хандардың басы ақыры батырлардың арқасында жəне ел сүйеуімен бірігіп, Ұлытаудың жиегінде біраз уақыттан соң, "Ордабасы" деп аталып кеткен үш бидің басшылығымен "қазақтың Алты айбар арысы, алты Алаш, алты аспаны" тоғысқан киелі жерде кіші жүздің жас сұлтаны жаңа хан болған кезінде, бірден Үш жүздің бəрі де біреуіне қараған бас қолбасшысы лауазымына ие болған Əбілқайыр хан соғыс аяқталған кезде Болат ханның бас тағы, Ұлы жүздің алтын хан тағына таласамын деп, ол лауазымынан кейіннен айырылады. Сол себепті, əлі сонау 1-ші Пётр кезінде сырт жаудан қорғағаны үшін берген антты қайта жандандырып берік ұстауға бекінген Əбілқайыр, Нұралы ханмен қоса, рус Жағор (Егорка) атты 1717-22 ж.ж. аралығында Жоңғария мен Цин империясының қолына тұтқынға түскен  экспедицияның бірінен қашып шыққан орыс батыры соғысқа бірге ерлікпен қатысып, көзге түскен орыс жүздігінің қолбасшысы 1754-ші жылы, орыс əйел патшасы Анна Ионовнаға елшілік ретінде барады. Бері ертіп келе жатқан үш патшаның тұсында генерал-губернатор қызметін атқарып келген Тевкелев Алатаудың арғы шеніндегі Нұралы сұлтан елшіге орналастырған ордасынан шыққанда, Нұралы сұлтан жетекші Əбілқайыр елшісін қорғаған Қыпшақ руының қолбасшысы Бөгенбай батыр қасына келіп, Тевкелевтен сұрады:

-Онсыз да алып Ресей империясына қазақтың даласы неге керек шыныңды айт?! - деген. Сонда Тевкелев:

-Жаушылық кезінде кім болса да, ортақ жауға қарсы күш біріктірген жеңілірек емес пе? Бізде қастық ой жоқ, тек сендердің байтақтарыңа шығыстан шауып жатқан жау бізден үркіп, сендерге жоламасын деп тілейміз. Əйтпесе ақырында бізге де бас салады! - деп, жауап қайырған. Сонда Бөгенбай:

-Жақсы, сен айып етпессің менің күдігіме! Жаушылықтың аты жаушылық, мінезіме тас салыпты. Олай болса, қазақ рулары мен орыс елінің арасында мəңгі өшпес одақ болсын! - деген сөзінен кейін, Тевкелев өзінің жеке құжаттамасында Бөгенбай батырды "қазақтардың арасынан өзімнің ең жақын досым" деген баға берген. Мейілі, қай бағытты ұстанған адам болсын, мені айыптамас бұрын, əуелі, Ұлы жүздың Ұлық биі Төле бидің "Ақ киімге өшпейтіндей дақ сіңбейді, дұрыс ойға халық наразы болмайды". Яғни, дұрыс ойға ақталу жауабы болмаса, жауап табылмайды екен.

Енді, қазақ жастарының бəсекеге қабілеттігінен көрі, бірінші "Элементарлық" еңбекшілігінің деңгейі туралы айтып көрелік. Өзге көзден қарап отыратын болсақ, ҚР - ның Елбасысы Н. Ə. Назарбаевтың кешегі  "Жас Азаматтар Форумында" берген кеңесін біз шынтуайында теріс ұғындық десе де болады. Нақтырақ сілтемеден қараңыздар. https://www.google.com/amp/s/www.nur.kz/amp/1765926-nazarbaev-esli-zizn-stala-v-tagost-pohodi-po-kladbisu.html

Əлбетте, "сондай мол қазба-байлықтарымызбен не себепті қазақ халқы қаражат пен дамудан қысылып жатыр?" - деген ұқсас сұрақтарға Елбасы тарапынан нақты жауап пен шешім айтылмауы дұрыс емес те шығар, бірақ, бізде де əзірше қандай жүріс болып жатыр жастар арасында? Өзге арбалы дүниенің нəн бір қызығына құмарымыз қанбай жатып, бірдеңеге талпынбақшымыз жəне сəлде бір қиындық болып жатса, жігеріміз еміс-еміс қамыс беліндей сытырлап жатыр. "Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең, тіршілікті ойламауы қажет" - дейді екен шығыстың ғұлама ойшыл ғалым, философы Əбу Насыр ибн Мұхаммед, ибн Ұзлағ, ибн Тархан, Əль-Фараби ат-Түрки. Жəне сəл өзіміз, өзімізден де ұялуымыз керек-ау! "Жастар жылы" жарияланды деп, сөзіміз асқа, ісіміз жасқа болып жүрміз.

Ал, талапты жастар туралы не айта аламыз? Олар да бар ғой. Менің пікірімше талабы ақбөкендей орасан жастарымызды саусағымызбен санай аламыз. Тағы бірер уақыттан соң, қара бұқараны көп күттірмей олар да Қазақстанды дамыту сахнасынан заматта жылжиды жəне оған сан-түрлі себептер бар: мəселен, барлығына қатысты болмаса да, көптеген жеке-меншікті кəсіпкерлер пұл үшін жəне мансап қуғанынан шет елдеріне өзінің тың идеяларын сатып жатқаны туралы ресми болмай-ақ қойсын, былай да айдан анық!

Дегенмен, ертеңгінің үміті, бүгінгі жастардың да үлгі алатын замандастары аз емес. Дер кезді уақытында маңдайшасынан жұлдыз жарқылдаған тұлғалардың бірі "100 жаңа есім" жобасының үміткері, MBionics компаниясының негізін қалаушысы Мəулен Бектұрғанов, Қазақстанға алғашқы Еуропадағы шетел елдерінің биотехнологиясын енгізудің бар амалын қарастырып, тынымсыз тапжылмай, еліне деген еңбегін сіңіріп отыр. Дегенмен, ат тізгінін ұстап, көштің басын ілгері тартар замандас алып тұлғаларымыз бар екен деп, біз қол жиып отыра бермекпіз бе? Біз де талпынайық! Біз де оқ алды жүйріксінейік! Қазіргі бар дүние, ертең жоқ. Амангелді батырдың замандастары айтатындай: "кер заманға кез болдық, кер айылдап ат мінелік!" Кімнің не деп қойғанын санап отыру уақыт жетпес нəрсе. Ал уақыт алтын. Алтынды да сапыра берсе, құны кетеді дейді. Мен сіздерден сұрағым келеді осы, национализм, интернационализм, шовинизм жəне т.б терминдар қайдан, қашан жəне қандай қажеттіліктен шықты деп ойлайсыздар? Мысалы, национализм деген ресми түрде саясат ғылымының ажырамас бірден-бір бөлігі термин болып, тек 1940-шы жылдары қалыптасқан. 1921 ж. 20-шы желтоқсанда Кеңестендіру саясаты басталар кезеңінен бұрын 1913 ж. мен 1917-ші жылдар аралығындағы бірінші дүниежүзілік соғыс мезетінде, кеңестік адамдардың дөнгөйі мен қаһарманы Василий Ульянов Ленин Германия мен Франция елдері арасында қоғамнан тыс жау таптырмас мығым күшті Ресей империясын құрт жегідей іштен шірітіп, Еуропаға бағынышты етуіне дейін құлатсын деген келісім шарт жасасты деседі. Соның ішінде, алапат генацид те, қажыған халық арасынан шыққан көтерілісшілерді басу да, "елді жақсартуға ынтамды саламын!" деген өтірік уəдесі де жəне т.с.с жатады. Есесіне, Германияның есебінен "большевиктер" көтерілісін бастау үшін Ленинге бар қажеттілігін беруі еді. Қандай болғанымен де, Ленин өзінің алыс қадамдарға дейін терең ойлайтын данышпандылығын мойындауымыз қажет. Міне, Германиядан əлен-пəлен тұтқиылдан тосынсыйлар шығып жатса, алдын-ала отырып, Шығыс бөктері жағынан, халықтан шыққан өзі тəрізді қызулы қан патриот Троцкийдің саясатқа енуін өзі жеке қадағалап, қамқорлығына алуымен, өз артына қураған көпір тіреуінің орнына жаңасын тіреген. Тек осы мезеттен бастап қана Кеңес Үкіметі ұлан-ғайыр байтақтардан, Кавказ таулы қыраттарына дейін бойы жазылған кезіндегі монархияның орнына жаңа басқару жүйесін орналастырған Социализм мен Коммунизмнан қазіргі біз көкірек кернеп, мақтанар идеологиялар тараған. Ал, тарихы да мол Гуманизм, яғни, жалпы адам мүддесі туралы мағынасы бірде үлкен өзгеріске ұшырап, қадірі жоғалуға таяған немесе мүлдем "екінші фонға" жылжыған. Бұл көріністің өзі де бізге ашық дəйек болып тұр. Жас айғыр мен кəрі тарлан шабысқа түссе кім жеңеді? Ертең-ақ, көш басына өзге біреу келсе, бұл, біз əрқайсысымыз "дұрыс!" деп тұрған идеологияларымыз ескіреп бітіп, алай-түлейі шығады. Содан кейін, біз де кеңестік халықтың тағдырын басымыздан өткермейтінімізге кім кепіл алладан өзге? "Суға батқан тал қармайды" демекші, негізінен, Кеңестің де арба басын шуаққа бұрған алып тұлғалары аз емес. Бірақ, өзгелермен ала-ауыз болмай, өзімізден тəрбие бастасақ қалай қарайсыздар? Дуан басы Ыбырай айтқандай: "Өзенді жер тұрғанда, өзге жерге ел қонбас. Өзі болған жігіттің түп атасын сұрамас". Ендеше, өзеніміз өзегіміздегі сарқылмас білім болсын, ал, ісіміз бойға сіңірер тəлім болсын!

Есмағамбетов Рамазан Еламанұлы

Сурет:  www.qamshy.kz парақшасынан алынған

0 Пікір Кіру