Марғұлан Ақан

Грузияның бұрынғы премьері көрген шындық

«Бірде бір оқиға болды. 1992 жыл. Ташкентте өткен ТМД саммиті. Мені шақырды. Ол кезде Грузия ТМД елдерінің мүшесі емес еді. Алайда, мені кеңес үкіметі кезіндегі сұрақтар бойынша шақырды. Жиын біткен соң әдеттегідей мейремханаға бардық. Бәрі отыр. Делегация басшылары сәл жоғары отырды. Ортада Ресей патшасы. Бір жағында Назарбаев отыр. Содан кейін мен, Тер-Петросян – Армения және басқалары. Қарсы бетте марқұм Каримов пен ресей премьері Гайдар отыр. Ұлттық киімдегі қыздар ас әкелді, биледі. Мен Ельциннің үлкен стаканмен ішіп отырғанын көрдім. Жарты сағат өткен соң тағы да қыздар келіп биледі. Осы кезде ол орнынан тұрып, ірі еді, ағаш қасықпен президенттердің басынан ұра бастады. Кезекпен келе жатыр. Бір жағында – Назарбаев, бір жағында – Каримов отыр. Мен және басқалары да осы сәтті көрді. Тіпті Гайдардың түрі әлі есімде. Не керек, кезек келген кезде Назарбаев орнынан атып тұрып, орыс тілінде ұрсып берді. Ол орташа бойлы, бала күнінен спортпен айналысқан жігіт, қолын көтере беріп еді, мен ұстап қалдым. Ельцинді ұрып жібермесін дедім. Осы кезде Коржаковтың адамдары ішке кіріп келді»


Тенгиз Сигуа, Грузияның бұрынғы премьері





0 Пікір Кіру