АҚШ Түркияға санкция салуы мүмкін. Себеп не? - на politic.bugin.kz
Салтанат Шынәділ - на politic.bugin.kz Салтанат Шынәділ

Саясаттың сан қыры

АҚШ Түркияның Венесуэлла алтындарын сатып алуын тоқтатуын талап етіп отыр. Дипломаттар Венесуэланың алтындарын сатып алып жатқан елдердің ішінде Түркия АҚШ-қа қауіп төндіріп отырғанын айтты. Түрік еліне экспортталған алтындардың Иранға жетіп, АҚШ салған санкцияны бұзуы мүмкін деген күдік бар.

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған кризиске ұшыраған Венесуэла президенті Николас Мадуроны қолдаған. Қазірде Түркия мен Венесуэла арасында алтын саудасы жаңа қарқын алып келе жатыр. Өткен жылы Венесуэла Түркияға 900 млн долларға қайта өңдеп қайтару шартымен алтын экспорттаған. Бірақ, кейін қайтару туралы сөз қозғалмаған.

Ал Анкара Ирандағы санкцияны бұзбау туралы ескерту алған болып шықты. Батыс елдері Түркияға осы мәселеде күмәнмен қарай бастады. Себебі, Түркияға Венесуэладан Ресей, Біріккен Араб Әмірлігі сынды алтын сатып алушы елдерге қарағанда көп алтын экспортталған. Жұма күні АҚШ сенаторы Марко Рубио БАӘ мен Түркияға Иранға алтын жеткізуде сыбайлас қылмысқа бармау туралы ескертті. Соңғы кездері Каракаста Түркия мен Ресейден келген жеке ұшақтарды көп көруге болады. Анкара барлық сауданы халықаралық шарттарға сай жасап жатқанын алға тартты.

Венесуэла депутаты Хосе Герра Nordwind компаниясына тиесілі Ресей ұшағы Каракастан 20 тонна алтын алуға келгенін айтқан.  Ал Дональд Трамп Венесуэламен алтын сауда-саттығын жасауға АҚШ азаматтарына тыйым салатын заңға қол қойды.

Түркия мен Венесуэла арасындағы қарым-қатынас 2016 жылдан бері жақсарып келеді. Венесуэла президенті Мадуро содан бері Түркияға 4 рет іс-сапармен келген.




0 Пікір Кіру