50 теңгеге баспана - на politic.bugin.kz
Данияр Бейбітқалиұлы  - на politic.bugin.kz Данияр Бейбітқалиұлы

Көпбалалы отбасыларға көмек көрсетейік

Елдің санын көтереміз деп жүріп, көп балалы отбасылардың жағдайын ұмытып кеткендейміз. Өздеріңіз білесіздер, аядай бөлмеде 5 баласын қалдырып, қу тіршіліктің қамы үшін деп, балаларын ел қатарлы өсіремін деп жүргенде астаналық ата-ананың 5 шырағы үйде лаулаған өрттен кейін сөніп қалды. Жағамызды ұстатып, көзімізден еріксіз жасты ыршытты бұл оқиға. Ал, оның алдында ғана «16000 теңге көп балалы отбасына көптік етеді» деп қате жорамалдаған Мадина ханымды ел жерден алып, жерге салып жатыр. 2019 жылдың басын осындай қайғымен, талас-тартыспен басталды.

«Көмек аз» деп шулап едік, үкіметтен көмек берілетін болыпты көп балалы отбасыларға. Қолға алды дегені болмаса бұл іс те біраз тұралайтыны бес енеден белгілі. Қаншама көп балалы отбасы бар елімізде?! Дәл қазір қаншасы қара нан мен қара суды ауқат етіп отыр екен? Ұлан байтақ жердің әрбір бұрышында небір адамдар көмекке мұқтаж болып отыр. Алла Тағала да «сақтансаңдар сақтаймын» деген. Ендеше, біздің еліміізге тың серпіліс керек! Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеәйік. Мәселе былай ғой. Үйде отырып алып әлгі 16 000 теңгенің әңгімесін айта беру қате болады. «көзіңді аш, оян, қазақ» деген ізгілердің ұрпағымыз. Кешегі 5 періште біздің көзімізді ашып тастады. Біз көп дүниені назардан таса қалдырыппыз. Бар көмекті үкімет жасайды екен деп мәз болып жүре берудің керекг іжоқ. Оның үстіне барлығына бірден көмектесетін үкімет те жоқ. Сондықтан әрқайсымыз адамгершілік қағидасын жоғары қойып, өз үлесімізді қосып, өзімізді өзіміз көтерейік. Негізі жасың бар, кәрің бар, мысал ретінде айтайық. 1 миллион адам 50 теңге ақша берсе қайырымдылыққа, онда 50 000 000 теңге жиналады екен ай сайын. Ал, оған су жаңа 4-5 пәтер алуға болады. Ойлаңыз, біз қалтамыздың кішкенен тесіген түсіп қалса ішіміз де ашымайтын кішкентай ғана тиыннан осыншама қомақты қаражат жиналды. Орта есеппен айына 20 отбасын үймен қамтамасыз етіп отырсақ 1 жылда 200 отбасыға қуаныш сыйлаймыз. 2030 жылға дейін көп балалы отбасыларға деген жағдай да жақсырақ жасалатын болады. Жағдай жақсы жерде өсім де көп болатыны беліглі. Баспана іздеп шыр-пыр болған ата-ана үшін бұдан асқан қандай көмек болсын? Ар жағын өкімет өзінің жаңағы айтқан көмектерін көрсете берсе нұр үстіне нұр емес пе?

...Тарихты қарасақ, біз жомарт жұрт болған екенбіз. Қоныс аударған өзге ұлт өкілдерін сыртқа теппей, бос тамға тұруына рұқсат етіппіз. Бір түнде Арал теңізінен бәлембай мың тонна балықты тиеп, көмекке жіберіппіз. Қажымұқан да жомарттық жасап, соғысқа өз қаржысымен ұшақ жасатып бергенін тарих кітаптарының бетінен өшіре алмасымыз белгілі. Осындай жомарттық қанымызда бар ғой әлі де. Сол жомарттықты трендке айналдырайықшы!...

«Харекет» қайрымдылық қоры «1000 теңгеге баспана» деген бағдарлама арқылы жақсы бастама бастағаны көңілді қуантады. Сол бағдарламаға да қызу қолдау керек. Жақсылық жасау үшін мол байлықтың керегі жоқ. Бастысы ниет болса болғаны. «ақшам жоқ, аз табыс табамын, студентпін» десеңіз жаңағы 50 теңгелік «бағдарламаға» қолдау білдіріңіз. 50 теңгенің өзі үлкен көмек болуы мүмкін ғой. Теңіз - тамшыдан, теңге-тиыннан құралады. Мұхитқа тамған тамшыдай болса да жақсылық жасайық.

0 Пікір Кіру