Сорлының сорлы әлегі.... - на politic.bugin.kz
Ақниет Бақытжанқызы - на politic.bugin.kz Ақниет Бақытжанқызы

Қатігезбіз......

Мына өмірдің жалған екеніне тағы да көзім жетті. Әбден тойды көздерім.

Кеше ғана болған оқыс жағдай көзіме жас ұялатты. Періштедей бес бүлдіршін мына фәни өмірден орын таба алмай, о дүниеге аттанды. Қабырғамызды қайыстырып, үнсіз кете барды. Ешкімге зияны жоқ бөбектерде шатыр астына симай, аспанға мәңгілікке ұша жөнелді. Бір түнде  бес бүлдіршіннен айырылып қалдық. Алақандай ғана жер, бес баланың күлкісіне таршылық етті.  

Ата-анасы қанаты қатпаған қарлығаштарына шырылдап жем іздеп кеткенде, балапандары бір түнде қанаттанып мәңгіге ұшып, ғайып болып кетті. Көзіміз жасқа толып, тас болып қатқан жүрек соғып, еріксіз жасқа бой бердік. Өте қиын... Ата-анасына қайғырып көңіл айтып, бекем болсын деймуз...

Сорлы,  елім-ай. Маңдайға сарп етіп тигенде ғана ес жиятын бишарамыз-ау. 

Енді келіп, көп балалы отбасыларға "баспана береміз" деп жар салып жатырмыз. Үй бергіш сымақтар "шенді шенеуліктер". Халықтың ақшасын,бар байлығын тонап бітіп, сүт ішкен мысықтай болып, енді келіп үй бермекшіме?! Не сұмдық бұл. Келеке мазақпа?! Сонда осынша қазадан соң ғана санамызға жеттіме мына дүние.  Бүлдіршіндердің жанын қимай, ойлануға болмаспа еді? Қатігезбіз ғой. Сорлының сорлы әлегі болдық қой....

0 Пікір Кіру