ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет орын алған оқиға - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Франция елшісін қайтарып алды

Франция билігі Римдегі елшісін кері қайтарды. Бұл «алдағы бірнеше ай ішінде жала жабу, себепсіз шабуыл жасау» әрекеті ретінде деп түсіндіріп отыр. The Washington Post басылым жазғандай, Франция Италиядан ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші рет елшілігін кері қайтарып отыр.

Осыған дейінгі жағдай 1940 жылы Италияның фашистік көзқарасты қолдап Францияға соғыс ашуы кезінде орын алған.

Елшінің елге қайтарылуы мәселесіне Италияның вице-премьері Луиджи Ди Майоның франциядағы «сары шекпен» қозғалысының жетекшісімен кездесуі себеп болып отыр. Себебі, аталған қозғалыс Франция билігіне қарсы.

Елшіні қайтарып алған Франция үкіметіне келісімге келуге байланысты Италия бір мәмілеге келу үшін жүзбе-жүзе кездесуді ұсынды. Франциядан талап еткен үш мәселе:

1.      Италия арқылы Франция жеріне босқын болып барғандарды қайта Италияға жіберуді тоқтату;

2.      Екі ел шекарасындағы сақшылардың қайта-қайта рейд жасауын тоқтату.

3.      1970 жылдары Италия билігіне қарсы келген 15 заңсыз қылмыскелерді беру. Олар қазір Францияда жүр.

0 Пікір Кіру