"Пәтер берсін" Депутат көпбалалы отбасыларға үй алып беру керектігін айтты - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Мол пайда тауып отырған компаниялар қол ұшын созуы тиіс

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова құрылыс компанияларының көпбалалы отбасыларға үй алып беруі керектігін айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Сенаторлар кәсіпкерлерді үйсіз-күйсіз жүрген жанұяларға көмектесуге шақырды. 

"Әсіресе, мол пайда тауып отырған құрылыс компаниялары қол ұшын созуы тиіс. Яғни, олар өздері салып жатқан тұрғын үйден көп балалы аналарға пәтер берсін. Еліміздің әр аймағында осы шаруаны қолға алуымыз керек", - дейді депутат.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық көпбалалы аналар билікке бірнеше рет үндеу жасаған болатын. Кездесулер Алматы мен Астанада өткен еді.

1 Пікір Кіру