Биліктен жауап: көпбалалы аналардың талабы ескерусіз қалмады - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Шенеуніктер әрекетке көшті

Халықтың талабы мен тілегі жауапсыз қалмады. Бұл жолы биліктегі шенеуніктер әрекетке көшті. Енді көпбалалы отбасыларға үй беретін мемлекеттік бағдарлама пайда болады. Үкімет үйсіз жүрген көпбалалы отбасыларға баспана салып беру үшін  қосымша қаржы бөлу жағын қолға алмақшы. Бұл туралы Ктк арнасында айтылды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, пәтер салу үшін олар қаражат іздеп отыр. Министр жылына 700 пәтер салынатын болса, оны екі-үш есе көбейту керектігін айтып өтті. Осы ұсыныстардың барлығы біріншіден министрліктен болса, екіншіден «Нұрлы жер» бағдарламасында арнайы бір бөліммен тек көпбалалы отбасыларға үй салу жағын Үкіметте де қарастырады.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек Қазақстанда жалға берілетін баспана саны да артатынын айтты. Егер осы жобаға жылда 25 миллиард теңге бөлінсе, биыл 35 миллиард қарастылырыпты. Бұл қаржыға 4 мың пәтер салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі енді аймақтардағы әкімдермен  бірлесіп, жалға берілетін үйлерді еселеп көбейтудің жолын қарастырып жатыр. Осыған дейін көпбалалы отбасыларға арналған бөлек бағдарлама болған емес. Ал қазір елімізде 270 мың көпбалалы шаңырақ бар. Олардың арасында үйсіз-күйсіз жүргендер өте көп.

Еске салайық, Астанада көпбалалы отбасы бес баласынан үйден шыққан өрттен бір түнде айырылып қалды. Осы қайғылы оқиғадан интернет желілерінде көпбалалы аналарды әлеуметтік жағынан қорғауды күшейту туралы акция өткізуге бастама көтерілген еді. Астанада, Алматыда және Шымкентте аналар бас қосып, билікке талап қойды.

0 Пікір Кіру