5 сәбидің қазасына «қаралы күн» жариялауға не кедергі? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Ресми түрде жарияланған жоқ

Астанада болған өрт кезінде көз жұмған бес сәбидің қазасына «қарал күн» жариялап аза тұтуды қоғам белсенділері мен желі қолданушылары көтеріп отырғанымен, билік әлі үнсіз.

Осыған дейін «қаралы күн» жариялау бір емес бірнеше рет қайталанған болатын. Мәселен, Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға байланысты «қаралы күн» жарияланды.

SCAT ұшағы құлап, 21 адам қаза болған кезде де «қаралы күн» жарияланды.

Астанадан Шымкентке бағыт алған әскери ұшақ құлаған кезде де «қаралы күн» жариялаған болатынбыз.

Тізіп шықсақ бірнеше қайғылы оқиғаға байланысты елімізде «қаралы күндер» жарияланған болатын.

«Қаралы күн» жариялау қай елде болмасын үлкен қасірет. Дегенмен, бес сәбидің өлімі халықтың жанына батты. Бұл қай кезде де болмасын жұрт жадында қалатын қайғылы оқиға. Бұл нағыз трагедия. 

0 Пікір Кіру